Бүгін, 19 қарашада, Қазақстанның 14 өңірінде ауа райы күрт нашарлайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атырау, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең қою тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында тұманмен қатар көктайғақ болады, күндіз бұрқасын күшейеді. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15–20 м/с болады. Алматы облысының таулы аумақтарында жел 18 м/с дейін күшейеді.
Синоптиктер жолда барынша сақ болуды және ауа райына байланысты ескерту шараларын назарда ұстауды ескертеді.





