Қазақстандық боксшы Даниял Сапарбай Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан World Boxing Кубогы–2025 жарысының жартылай финалында қарсыласына жол берді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Даниял Сапарбай ринг қожайыны Нарендермен кездесіп, тартысты айқаста жеңіліс тапты. Бірінші раунд 4:1 есебімен үндістандық спортшының пайдасына шешілсе, екінші раундта да осындай нәтиже тіркелді. Ақырында төрешілер бірауыздан Нарендердің жеңісін жариялады.
Осылайша, қазақстандық спортшы турнирді қола жүлдемен аяқтады. Ал Нарендер финалда өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен жұдырықтасады.
World Boxing Кубогының соңғы кезеңіне Қазақстан атынан сегіз ер және бес әйел боксшы қатысып жатыр.





