Премьер-министр Олжас Бектенов инфляцияны төмендету және азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін отандық өнім өндіруді арттыруға басымдық беруді ұсынды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Үкімет отырысында Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі үш жылдық бағдарламаның аясында ішкі нарықтың отандық өніммен қамтамасыз етілуі маңызды екенін атап өтті.
Осы бағытта Премьер-министр Ауыл шаруашылығы, Сауда және өнеркәсіп министрліктеріне нақты тапсырмалар берді: тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, өнім бағасын арзандатуға берілетін субсидияларды тиімді пайдалану; сауда субъектілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерді белсенді жүргізу.
Азық-түлік өнімдерінің, әсіресе бүгінде импортқа тәуелділігі жоғары өнімдер өндірісін ұлғайтуға басымдық берілуі керек. Аталған шаралар азық-түлік бағасын тұрақтандырып, инфляция деңгейін төмендетуге тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.





