Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

19 қараша 2025
КҮЛТӨБЕ
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал, ішкі істер органдарына жүктелген міндеттердің орындалуы және «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, биылғы 10 айда елдегі қылмыс саны 5,3 мыңға азайған. Қылмыстың ізін суытпай ашу көрсеткіші де жақсарған. Отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтармен күрес күшейіп, алдын алу шараларының нәтижесінде тұрмыстық сипаттағы қылмыс 8 пайызға, оның ішінде адам өліміне әкелетін фактілер 26 пайызға төмендеді.

Іздеуде жүрген 1 391 адам ұсталды, олардың 138-і шетелде қолға түсті. Жедел іс-шаралар барысында 30 тоннадан астам есірткі, оның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық заттың таралуына жол берілмеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 185 қылмыстық топ анықталып, әрекеті тоқтатылды.

Интернет-алаяқтықпен күрес аясында 12 колл-орталық жойылды (жетеуі шетелде). Шамамен 83 миллион фрод-қоңырау мен 4 мың алаяқтық сайт бұғатталды. Алаяқтардың 2,3 миллиард теңгені елден шығаруының алдын алу мүмкін болды.

Жол қауіпсіздігі саласында цифрлық бақылау құралдары енгізілуде. Дрондар арқылы 6 мыңнан астам, орташа жылдамдықты өлшеу жүйелері арқылы 190 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді. Соның нәтижесінде жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім 9,4 пайызға, мас күйінде көлік басқарудан туындайтын қайғылы жағдайлар 24 пайызға азайды.

Egov mobile және банктердің қосымшаларына енгізілген «Заң және тәртіп» сервисі іске қосылғалы бері азаматтардан 32 мыңнан астам өтініш қабылданды. Сонымен бірге экстремизмге қарсы іс-қимыл және көші-қонды бақылау шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

Президент елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

25 қараша 2026
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.