Талдықорған: +19°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алаштың аманатына «Қазпошта» қиянат жасамасын!

23.11.2025
КҮНДЕРЕК
Алаштың аманатына «Қазпошта» қиянат жасамасын!
WhatsAppTelegramFacebook

Балапанды күзде санайды дегендей, қыркүйектен бері тілшілерде тыным жоқ. Ел аралап, оқырманмен кездесіп, жылдағы дәстүр бойынша газетке жазылу науқанын қарқынды жүргізіп жүр. Бұл тек «Jetіsý» газетіне ғана тән сапар емес, барша өңірлердегі журналист қауымның негізгі шаруасы. Қарқынды кірісіп жатқанымен сол қарқынға қарсы соққан жел бар. Тіпті боран десе де болар еді, бет қаратпайды, көзіңді ашсаң бұрқыраған қою шаң көзіңді көлеңкелеп, жылдағы оқырманды көруге мүмкіндік бермейді. Байырғы оқырманынан адасып, қайраңға тірелген қайық секілді жағада жалғыз қалдық. «Жұмбақтап не айтып кетті?» демеңіз. Жіліктеп айтайық. жай айтпайық назымызды, шерімізді тарқатып жазайық. Оқырман, сіз де, билік, сіз де назар салыңыз!

Иә, жаңа технология дамыған сайын газетке деген көзқарас өзгерді. Қағаз басылымдардың орнына интернет порталдары, түрлі әлеуметтік желі пайда болды. Лезде ақпарат тарап, газет жетем дегенше оқырманның алдынан жылт етіп жаңалық бұрын шыға келеді. Оны мойындауымыз керек. Бірақ сол жаңалықтардың барлығы ақиқат деп кім нақты айта алады? Өз рейтингін көтеру үшін керектіні де, керексізді де жариялай береді. Содан барып, «газеттің күні өтті, ақпараттың барлығы сайтта тұр» деген тенденция орын алды. Өкінішке қарай, газет секілді тарқатып жазып жатқан интернет некен-саяқ. Оқырманның барлығы сол бір жел сөздің жетегінде кетіп барады. Мұнда мен интернетті оқымасын деп отырғаным жоқ. Тек біз газет оқымайтын ұрпақ қалыптастырып, халықты сауатсыздыққа, ақыл-ой, парасат биігін шектеп, санасын тұмшалап жатқанымызды байқамаймыз. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының аманатына қиянат жасамасақ деймін. Интернеттен енді озып кетпейтініміз түсінікті. Газеттің де өз айтары, барар жері, күтетін оқырманы бар екенін ұмытпайық! Мәселен, қобыздың шанағынан Қорқыттың күйі шыққан Сыр өңіріндегі Нұрлат Байкенже әріптесім де осы тақырыпта ой қозғапты. «Ашынғаннан шығады ащы даусым» дегендей, Нұрлаттың да басына осы қиындық түсіп отырғаны айтпаса да түсінікті. Әрине, барлығымыздың илеп отырғанымыз бір терінің пұшпағы емес пе? Ендеше, әріптесіміздің ойын осы жерге қыстыруды жөн санадым. «1874 жылдан бастап Жапонияда «Yomiuri Shimbun» газеті тұрақты түрде тарайды. Оның редакциялық орталығы Токио, Осака және Фукуока қаласында жұмыс істейді.

Газеттің басты ерекшелігі – күніне екі рет шығуы. Таңғы шығарылымының тиражы 6-7 миллион данаға жетсе, кешкісі 1-2 миллионмен тарайды. Мұндай көрсеткішпен газет бірнеше рет Гиннестің рекордтар кітабына енген. Таңғы нұсқасында газет саясат, экономика, халықаралық жаңалықтар, аналитикаға басымдық берсе, кешкісі жеңіл контент, мәдениет, күн соңындағы жаңалықтар жариялайды. Міне, осындай жүйелі жұмыс – шынайы озық елдің үлгісі. Сөзсіз, Жапония технология саласында да көшбасшы. Биыл Күншығыс елі ЭКСПО – 2025 көрмесін ұйымдастырып, адамзаттың жақын келешектегі технологиялық прогресімен таныстырды. Цифрландыру мен роботтандыруда жапондардың алдына түсетін ұлт жоқ. Дегенмен, жапондар дәстүрлі оқу форматын сақтап отыр. Себебі, оқитын, ойлайтын, ізденетін ұлт ешқашан жойылмайды. Қайта адамзат көшін бастайды. Ал біздің жағдайда жағдай мүлде басқаша. Кейбір билік өкілдеріне газет қажет емес сияқты. Өйткені олар өздері газет оқымайды, кітаппен сырласпайды. Сол себепті тұтас елге де қажет емес деп есептейді», – дейді. Рас айтады, бұл ойға бізбен бірге газет шығарып отырған басқа әріптестеріміз де қосылатыны анық.

Иә, бұл бір жағы. Газетті өлтіруде тағы бір мәселе туындап отыр. Ол – «Қазпоштаның» айбалтасы. Газет оқырмандары бұған дейін де редакция алқасына бірнеше рет шағым айтқан болатын. «Газетке жазыламыз, уақытында келмейді»,– деп. Міне, сол газетті уақытында иесіне жеткізетін «Қазпошта» АҚ міндетін толық атқармай отыр. Жұмысын былай қойғанда газет бағасын бірнеше есеге өсіріп тағы сорлатты. Енді қайтпек керек? Онсыз да тиын санап отырған азғантай оқырманды одан ары тығырыққа тірегеніне жөн болсын. «Қазпошта» АҚ ешкіммен ақылдаспай газет құнын бірнеше пайызға өсіріп жіберді. Мысалға, «Jetіsý» газетінің негізгі құны 6000 теңге. «Қазпошта» – 12666, 24 теңгеге көтерді. Мен пайыздап жатпайын, сіздер өздеріңіз есептеп көріңіздер. қанша пайызға шарықтатқанын білесіздер. Бұдан бөлек, бір газетті жаздыру қызметін атқарғаны үшін 41 теңге 76 тиынға көтерген. Бұл 41% емес, 141%. Өткен жылы бұл қызмет 17 теңге болатын. Сонда 141 пайыздық өсім деген сөз! «Қазпоштаның» бұл ісін қалай бағалаймыз? Мемлекеттік, ұлттық құндылыққа жасалып жатқан қиянат емес пе?! Жазылымнан түскен қаражаттың 40 пайызын таралымға деп ұстап қалады да, мемлекеттен осы қызметке деп тағы да субсидия алады. Тұмсығын екі жерге қадаған «Қазпоштаны» қансорғыш демесек, басқаша қалай атаймыз?! Баспадан шыққан газетті апталап апармайтыны тағы бар. Уақыты өткен газетті оқырман отқа тамызық еткеннен басқа амалы жоқ. Өткенде осы мәселеге байланысты Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мырза жауапты министрліктер мен «Қазпошта» АҚ өкілдерінің басын қосып жиын өткізген еді. Өкінішке қарай, аталған жиында газеттің жағдайы жайына қалып, «Қазпоштаның» мұңы талқыға салынды. Құдды «поштаның жағдайы жақсарса, газеттің көсегесі көгереді» дегенге келтірді. Дәл қазіргі уақытта газеттер жетім баланың күйін кешуде. Бағана сөз басында айттық, газеттің бағасы неге және кімнің қымбаттатып отырғанын.

Ендігі мәселе – газетке жазылу. Қазір жергілікті мемлекеттік қызметкерлерге барып «газетке жазылыңыз, қолдау білдіріңіз» десек, бір ғана сөз естіп қайтамыз. Қит етсе «мәжбүрлеуге болмайды» деген жауаптары дайын тұрады. Сонда олар «қай елдің, қай мемлекеттің саясатын жүгрізіп отыр?» деген сауал туындайды. Газет те солар секілді Президенттің, мемлекеттің саясатын ұстанып отырған жоқ па? Мысалы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мынадай сөзі бар: «Шын мәнінде, газет шығару және газет оқу үрдісі ешқашан үзілмеуге тиіс. Осы сабақтастықты сақтап қалу керек. Бұл – өркениетті елдердің барлығында қалыптасқан дәстүр. Біз ұлттық журналистиканың бай шежіресін, тағылымды дәстүрін мақтан тұтамыз. Аға буынның осы сара жолын лайықты жалғастыру қажет». Ал, сол билікте отырған азаматтар Мемлекет басшысының сөзіне қайшы іс атқарып отырғанын түсінбей ме, әлде орындағысы келмей ме?! Мұны қалай түсінуге болады?! Президент «Газет шығару және газет оқу үрдісі ешқашан үзілмеуге тиіс» деп айтып отыр, одан төменгілер үзуді көздейді. «Мәжбүрлеуге болмайды» деген жай ғана сылтау, жауапкершіліктен қашу. Дәл осы тұста әріптесім Нұрлат Байкенженің жазбасындағы мына сөйлемді мақаламыздың тұздығы етіп қолдануды жөн санадық. «Егер біле білсек, газет – идеология құралы. Ал идеологиясы жоқ елге газет қажет емес екені анық» деп өткір айтады. Бұдан артық қандай сөз айтуға болады?! Мейлі, интернетті дамытсын, бірақ газетті өлтіру деген сөз емес қой. Газеттің орнын басқан интернеттің оқырманға ой салып жатқаны шамалы. Мәселен, мына бір оқиғаны айта кетейін. Жуырда ғана интернет біткеннің барлығы Дариға мен Дарханды, Тұрсынбек пен Мөлдірді жариялап бітті. Жеке бір отбасының арасындағы жанжалды айдай әлемге жар салды. Оны қоғам болып талқыладық. Міне, қоғамның санасы. құптаған интернет ұлттың санасын қайда бұрып апара жатқанын көріңіздер. Сол арқылы сайттардың рейтингі көтеріледі, содан барып «қаралымы жоғары, мемлекеттік саясатты насихаттаймыз» деген оларға мемлекеттің қаржысын ұстата саламыз. Қаржыны қызғанып отырғам жоқ, тәрбиелік мәні, ешкімге керексіз, ұлтқа да, мемлекетке де пайдасы шамалы контентінің арасында кеткен мемлекеттік тапсырысқа жаным ашиды. Ал газет болса, мұндай сорақы дүниемен басылым бетін былғамайды. Біз осыны ескерейікші, ардақты ағайын, қадірменді оқырман! «Газеттің өзі – бір күндік, сөзі – мың күндік» екенін естен шығармайық!

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

07.05.2026
«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.