Қазгидромет 24 қарашаға арналған ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Түнде облыстың шығысы мен орталығында қатты жауын-шашын болжанады. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын байқалады. Батысы, оңтүстігі мен шығысында тұман тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады.
24-26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман байқалады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі, түнде көктайғақ пен бұрқасын орын алады. Солтүстік-батыстан және батыстан жел соғып, түнде 15-20 м/с-қа, оңтүстігінде 23 м/с-қа дейін жетеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының орталығы мен оңтүстігінде тұман түседі.
24 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысында аздаған қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Солтүстік пен шығыста қар күшейеді. Түнде солтүстік бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ байқалады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, солтүстік пен шығыста 15-20 м/с, күндіз 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысында жаңбыр мен қар аралас күшті жауын-шашын өтеді. Түнде батыс және солтүстік аймақтарда бұрқасын мен көктайғақ байқалады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с-қа, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауады. Батыс, оңтүстік және шығыста бұрқасын, тұман және көктайғақ орын алады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с-қа, оңтүстікте кей сәттерде 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде тұман байқалады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші солтүстікте 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының солтүстік және шығыс бөлігіне жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ пен бұрқасын орын алады. Батыс, солтүстік және шығыста тұман болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде шығыс пен оңтүстікте 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының солтүстік және шығыс бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, бұрқасын және тұман байқалады. Оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
24 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының орталығы мен таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, Алакөл көлдері маңында 17-22 м/с-қа дейін жетеді.
24-25 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман байқалады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, 25 қарашада күндіз облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында 15-20 м/с деңгейіне дейін күшейеді.





