Талдықорған: +39°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол

03.03.2025
КҮНДЕРЕК
Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай Қаратал ауданында мерекелік шара өтті. Салтанатты жиын аудандық Мәдениет үйінен бастау алды.

Шараға жиылған жұртшылық Мәдениет үйінің фойесінде орналасқан халық шығармашылығы көрмесін тамашалады. Осыдан кейін аудан әкімінің орынбасары Айбек Оңғаров  Алғыс айту күнінің ұлтаралық достықты нығайтудағы маңыздылығына тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, Балпық би, Пышан Жәлмендеұлы,  І. Жан­сүгіров, С. Сейфуллин,                Ш. Айманов,  Ә. Молдағұлова және Б.Төлегеновалардың мерейтойларына орай Мәдениет үйлері арасында өткен аудандық байқаудың қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде бас жүлдені Кәлпе ауылының  Мәдениет үйі жеңіп алды. I орын­­ды  Ескелді ауылының Мәдениет үйі еншіледі. II орын­ды Жылыбұлақ, III орын Жаңаталап ауылына бұйырды. 

Осыдан кейін жұртшылық Бастөбе тауында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс!» атты ескерткішке барды. Шараға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Өз кезегінде өңірдегі корей этнобірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Виктор Пак: 

– Қазақ елі өздері таршылық көрсе де қаншама ұлтты бауырына басты. Қолда бар көмегін аямады. Қазақ жеріндегі корей халқының бейбітшілік заманда өмір сүріп келе жатқаны сіздердің арқаларыңыз дей келе, қазақ жұртына шексіз ризашылығын білдірді.

***

Алғыс айту күніндегі айрықша шараның бірі – облыс орталығындағы тірлік кешкен жалғызбасты ана санатындағы қайырымға мұқтаж жандарға көмек көрсету. Бұл күні ынтымақ пен бірлікті ту еткен қоғамдық келісім өкілдері «Қаратал» шағынауданында жалғыз тірлік кешіп жатқан неміс ұлтының өкілі Каралина Шленцоваға көмек қолын созып, жүзіне қуаныш сыйлады. Сонымен қатар, шаһарда тірлік кешіп,  баласын жалғыз өсіріп отырған татар ұлтының өкілі  Дамира Бекмухамбетова мен бала бағып отырған дін қызметкерлері әулие әкей Рустик пен қасиетті ана Аннаға да көмек көрсетілді.

***

Мереке қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов пен «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері бірқатар ардагерлердің шаңырағында болып, алғаусыз алғыс білдірді.

Құрмет білдірушілер әуелі Екінші дүниежүзілік соғыстың тірі куәгері Ысқақ Құсайыновтың отбасына барды. Майданда ерлік көрсеткен батырға шапан жауып, ілтипат білдірілді.

–  Отан үшін отқа түсіп, қасиетті туған жердің қарыс сүйем жері үшін аянбай айқасып, ұрпақтарыңыздың баянды болашағына жол ашқаныңыз үшін Жетісу өңірі тұрғындары атынан алғыс білдіреміз. Бастысы,  ел тыныштығы бұзылмай, ырыс-берекесі таси түссін. Зұлмат соғыста ерлік көрсеткен әрбір батырымыздың арқасында қол жеткізген бейбітшілігіміз баянды болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Одан кейін, арнайы топ соғыс ардагерлері Сәрсенбай Қаңтарбайдың, Төлеубай Шектібаевтің үйіне барып, облыс халқы атынан алғыс жеткізілді. Өз кезегінде ақсақалдар меймандарға ілтипатын жеткізіп, батасын берді.

Мұнан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері облыстық перинаталдық орталыққа кіріп, мереке күнінде дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын құттықтады. Нәрестелерге қажетті жабдық салынған дорба тарту етілді. Айтулы күнде орталықта 8 ана босаныпты. Солардың қатарында Әсем Малдыбекова да бар. Жеті ұлдан кейін бұрымдыны дүниеге әкелген ана шын қуанышты.  

– Жолдасымның сұрауы мен тілеуі ғой. Әлі сәбиімізге есім қоймадық. «Ілтипат» де­ген ат ұнап тұр. Бірақ, күйеуім­мен ақылдасамыз. Алғыс білдірген кісілерге біз де ілтипат білдіреміз, – деді Ә. Малдыбекова.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Бақытты бала – қуатты қоғамның негізі

Бақытты бала – қуатты қоғамның негізі

16.08.2026
Дәрігер үйі саябаққа айналды

Дәрігер үйі саябаққа айналды

16.08.2026
Білім бәйгесіндегі биік белес

Білім бәйгесіндегі биік белес

16.08.2026
Тарихи жадтың жаңғыруы

Құрылтай – қоғам үнін жеткізетін маңызды алаң

16.08.2026
Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

15.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.