Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Су тұтынуды болжау жүйесіне жаңа «Биллинг» модулі енгізілді

27 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Су тұтынуды болжау жүйесіне жаңа «Биллинг» модулі енгізілді

ortcom.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Ақпараттық-талдау орталығы Су тұтынуды ерте болжау жүйесінің (СТЕБЖ) бір бөлігі саналатын «Биллинг» модулін әзірледі. Жүйе тұтынушылар мен «Қазсушар» РМК арасындағы су жеткізуге өтініш беру, келісімшарт жасасу және есеп айырысу процестерін цифрландыруға бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда СТЕБЖ қажетті су көлемін көрсете отырып, электронды өтінімдер қалыптастыруға, су көлемін айлар мен ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша бөлуге, бекітілген өтінім негізінде келісімшарт жобасын автоматты түрде жасауға, өтінімдер мен келісімшарттарды ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік береді.

Жүйеде қаржы операцияларын автоматтандыруға арналған жеке бөлім бар. Банктердің екінші деңгейдегі жүйелерімен интеграция жүргізіліп жатыр, бұл шоттарды тікелей банк сервистері арқылы қалыптастыруға және төлеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ атқарылған жұмыстардың ай сайынғы актілерін автоматты түрде қалыптастыру процесі енгізіліп жатыр. Бұл құжаттарға ЭЦҚ арқылы электронды форматта қол қойылады. СТЕБЖ-ті басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіру және электронды құжат айналымын қағаз түріндегі келісімшарттарға балама ретінде заңнамалық тұрғыда бекіту бойынша да жұмыс жүріп жатыр.

«Жүйе қолдануға өте ыңғайлы болады, су тұтынуды жоспарлау мен есепке алуды дәл жүргізуге мүмкіндік беріп, тараптар арасындағы келісімшарт рәсімдерін жеңілдетеді. Бұл шешім қолмен жасалатын операцияларды азайтып, деректердің дәлдігін арттырып, құжат айналымын жылдамдатып, қаржылық есеп айырысудың толық ашықтығын қамтамасыз етеді. Қазір Ақпараттық-талдау орталығының мамандары «Қазсушар» РМК және бассейн инспекцияларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық филиалға және өндірістік учаскелерге жүйені сынақтан өткізіп, үйрену үшін қолжетімділік берілді. Желтоқсан айының басынан бастап оңтүстік өңір мамандарына көшпелі оқыту өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Мейіргүл Қуандықова.

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.