Талдықорған медициналық колледжі «Авиценна» базасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Өмір маңызды: әрекет ету уақыты» байқауы өтті және ол «Қиындықтардан – АИТВ-ға қарсы әрекетте өзгерістерге» ұранымен өткізілді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК. Байқауға Талдықорған медициналық колледжі «Авиценна» мен Талдықорған жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Байқау «Қиындықтардан – АИТВ-ға қарсы әрекетте өзгерістерге» ұранымен өтіп, үш кезеңнен тұрды:
- Плакаттарды әзірлеу және қорғау – АИТВ/ЖИТС тақырыбына арналған авторлық шығармашылық жұмыстарды таныстыру.
- Шығармашылық қойылымдар – студенттер АИТВ мәселесіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған мазмұнды көркем және сахналық нөмірлер ұсынды. Бұл кезеңде театрландырылған мини-сахналық көріністер, музыкалық және хореографиялық композициялар, сондай-ақ АИТВ алдын алудың, толеранттылық пен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдаудың маңызын көрсететін авторлық инсценировкалар көрсетілді. Шығармашылық тәсіл негізгі ойларды көрерменге әсерлі әрі түсінікті жеткізуге мүмкіндік берді.
- Ситуациялық тапсырмаларды орындау – білімді, талдау дағдыларын және АИТВ-мен күрестегі қиындықтарды еңсеру жолдары бойынша ұсыныстарды көрсету.
Студенттер жоғары дайындық деңгейін, білімділігін және шығармашылық қабілетін танытып, азаматтық белсенділігін және АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне қызығушылығын көрсетті.
Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары деңгейдегі дайындығын, тақырыпты терең түсінуін, шығармашылық көзқарасын және ұсынылған материалдардың сапасын жоғары бағалады. Байқау қорытындысы бойынша екі команда алғыс хаттармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.
Акция профилактикалық жұмысты күшейту жолындағы маңызды қадам болды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды жыл сайын өткізіп, жастарды АИТВ туралы өзекті ақпаратпен қамту ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКК барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны, немқұрайлық танытпағаны және халық денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар Талдықорған медициналық колледжі «Авиценна» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джантелова Гүлнұр Серікқызын іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге қосқан зор үлесі үшін арнайы алғыс білдіреді.







