Жетісу өңірінде мәслихат депутаттары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада ұйымдастырылып, оған 11 командадан құралған 300-ден астам ойыншы қатысты. Спорттық бәсеке 6 түрлі бағыттағы жарыстарды қамтып, қатысушылардың шеберлігі мен ұйымшылдығын айқындай түсті.
Шараның ашылу салтанатында алғашқы сөзді Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, спартакиаданың маңыздылығын атап өтті. Одан кейін сөз кезегі Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы Ерғали Шоқпаровқа беріліп, ол да командаларға табыстіледі.
«Бұл шара біз үшін тек спорттық сайыс емес, бірлігіміздің, ынтымағымыздың жәнесалауатты өмір салтына деген ортақкөзқарасымыздың айқын көрсеткіші. Спорт адамды шынықтырады, табандылыққатәрбиелейді, ерік-жігерін арттырады. Ал біздіңдепутаттар мен қызметкерлердің дәл осындайалаңда бас қосуы – қоғамға үлгі, жастарғабағыт, салауатты өмір салтының жарқыннасихаты деп білемін.»,— деді облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева.
Жарыс қорытындысы бойынша Ақсу ауданының мәслихаты үздік нәтижемен 1-орынға ие болды. 2-орынды жоғары дайындық көрсеткен Жетісуоблыстық мәслихаты иеленді. Ал үшінші болып Панфилов ауданының мәслихаты топ жарды. Жеңімпаз командалар қатысушылар мен жанкүйерлердің ыстық қолдауына ие болып, өзшеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдеді.
Бұл спартакиада өңір депутаттары мен қызметкерлерінің бірлігін нығайтып қана қоймай, олардың арасындағы өзара ынтымақ пен достықты аттырды. Сонымен бірге шара салауатты өмірсалтын кеңінен насихаттап, спорттың қоғамдағымаңызын тағы бір мәрте айқындады. Осындай жарыстар алдағы уақытта да дәстүрлі түрдежалғасын тауып, өңір спортын дамытуға серпінберетіні сөзсіз.
Мұрат КҮМІСБЕК
Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының тілшісі





