Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сарқандағы «Арлан» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы өсіреді

29 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Сарқандағы «Арлан» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы өсіреді

годнауки.рф

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқы үшін қасиетті жануардың бірі – жылқы. Ежелден қолға үйреткен, мінезін таныған, тұрмыс-тіршілігін жылқысыз елестете алмайтын халықтың бүгінгі ұрпағы да бұл дәстүрді жалғап келеді. Сарқан ауданындағы «Арлан» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы өсіруді жолға қойған үлгілі шаруашылықтың бірі.

Саялы Сарқан баурайында орналасқан қожалықты Қайрат Бершімбеков басқарады. Өмірін мал шаруашылығына арнаған азамат жасы ұлғайған сайын ірі қарадан гөрі жылқы ұстауды жөн санапты.

– Қазақ малсыз өмір сүре алмайды, әсіресе жылқысыз. Жылқы – ер қанаты. Оның ерекше қасиеті – туған жерін ұмытпайды, күндіз-түні бірдей көреді, айналасын жіті бақылайды. Ағын суды да лай жерінен емес, тұнық тұсынан ішеді. Осы мінезі үшін төрт түліктің ішінде жылқыны ерекше қадірлеймін. Қазір шаруашылықта 500-ге жуық бас бар. Соның ішінде 30-ы бәйгеге, көкпарға мінетін бөлек жүйріктер, – дейді Қайрат Сенбіұлы.

Қожалықта селекциялық жұмыс жолға қойылған. Асыл тұқымды жылқы өсірумен қатар, Алматыдағы мамандармен бірлесе отырып, жаңа тұқым шығаруды да жоспарлап отыр.

Малға бас-көз болып жүрген Балтабек Оразбековтың айтуынша, қорадағы 100-ден астам жылқы бір күнде шамамен 500 келі шөп жейді. Арпа, бидай және жоңышқа қосылған жемді жақсы жегендіктен, қоңы көтерілген малдың түрін көрген жан тамсанбай қоймайды.

Қазақтың сән-салтанатының көркі де жылқы. Халқымыз айтқандай: «Мінсең – көлік, жесең – ет, ішсең – қымыз». Осындай текті малды өсіріп, тұқымын көбейтіп отырған шаруақор азаматтардың қатары артса, ұлттық құндылығымыздың да мерейі үстем болмақ.

Жақсылық ИГІМАН,
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.