Талдықорған: +22°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Энергетикалық сусын жастар өмірін жалмауда

30.11.2025
КҮНДЕРЕК
Энергетикалық сусын жастар өмірін жалмауда
WhatsAppTelegramFacebook

Жарнамасы алдыңнан жиі жолығып, әр дүкеннің бір бұрышынан табыла кететін энергетикалық сусындарды тұтынушылардың саны артпаса, азаятын түрі жоқ. Оған түрлі орталықтардың әзірлеген статистикасы дәлел. Бүгінде энергетикалық сусынды жиі пайдаланатындардың қатарында спортшылардың да бар екендігі айтылады. «Бойға қуат беріп, энергия сыйлайды» деп қабылдайтындар жетерлік. Ал спорт әлемінде соңғы кезде орын алған жайсыз оқиғалар ойлы адамның ұстанымын өзгертуі керек.

Жаһанға танымал, әлемдік спортта беделі бар спортшыларды энергетикалық сусындарды жарнамалауға пайдалану арқылы доданың дүрмегіне енді түскен көкқанаттардың санасын улап, ұстанымына айтарлықтай әсер етіп жатыр. Бала қызығушылықтан сан құбылып, ойы сәт сайын өзгеретіндігі белгілі. Оңтүстік Африкада футболдан Әлем чемпионаты болған 2010 жылы ауылдағы «pepsi» атаулыны тауысқанбыз. Оған себеп, сыртындағы футболшылардың суреті. «Торрес менікі, Месси саған» деп жүргенде «қазақ футболшыларынан Жамбыл Көкеев бар екен» деп оның суреті бейнеленген «коланы» жарыса бітіргенбіз. Бүгінде энергетикалық сусындардың сыртынан мықты спортшыларды жиі жолықтыруға болады. Әсіресе, ережесіз жекпе-жекте есімі жаһанға мәшһүр болған Хабиб Нұрмағамедов, Петр Ян және қазақстандық Шавкат Рахмоновтың суреті жиі бейнеленеді. Мемлекет тарапынан болмаса арнайы бір мекемеден, ұйымнан қаражат алып отырмағаннан кейін демеушілерге жүгінген спортшылардың бұл қадамын да түсінгің келеді. Алайда спортта жүрген жанның кейінгі буынға алаңдап, ойлы жүріс жасағанын қалайсың.

Биыл жазда Бірінші лиганың ойынында «Хан Тәңірі» (Алматы) командасының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу алаң ортасында құлап, қайтыс болды. «Жедел жәрдем» 4 минут ішінде ауруханаға жеткізгенімен, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы «медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шаралар жасады. Алайда өмір сүру белгілерін қалпына келтіру мүмкін болмады. Биологиялық өлім тіркелді» деген болатын. Өлімге алып келген негізгі себеп айтылмағанымен, сұрастыра келген журналистер мен жақындарына мәлім болғандай ойын алдында ішкен энергетикалық сусынның да әсері бар.

– Энергетикалық сусындар – бүгінгі спорттағы көзге көрінбейтін, бірақ ең қауіпті қарсыластың бірі. Бұл әсіресе жас спортшыларға қатысты. Алаңға сергек шығамын деп өзін де, өзгені де алдаудың тәсілі, бірақ оның салдары қайғылы аяқталуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Мұны жастар аса түсінбеуі мүмкін, сондықтан бұл жерде ата-ана мен бапкерлер де оның зияны туралы үнемі айтып отыруы қажет.Энергетик бойыңдағы қуатты арттырудың жеңіл жолы көрінуі мүмкін. Бірақ жеңіске апаратын жол емес, – дейді спорт журналисі Мадина Асылбек.

«Рекетир» фильміндегі Русланның рөлімен танымал әртіс Мұрат Бейсембин: «Алты жылдан бері спортпен айналысамын, ашығу режимін ұстанамын. Бірақ салмағым өзгермеді. Одан кейін алты жыл бойы аш қарынға энергетик сусын іштім. Сосын қантсыз коланы таңертеңнен кешке дейін ішіп жүрдім. Осылар «менің тәбетімді тежейді» деп ойладым.Өкінішке қарай, энергетикалық сусын маған кері әсер берді. Соның кесірінен мен шамадан тыс азып кеттім. Қанша тамақ ішіп, спортпен айналыссам да қайта салмақ қоса алмай қойдым. Менің диагнозымның ең бірінші белгісі – салмақ жинай алмай қалу екен. Алайда аталған сусындар менің денсаулығыма зиянын тигізді. Қатерлі ісікке шалдығуымның бірден-бір себебі де осы зиянды сусындар болуы мүмкін деп ойлаймын», – деген еді бір сұхбатында. Бүгінде Мұрат ем алып, қатерлі дертпен күресіп жүр.

Алаңға бір мәрте энергетикалық сусын ішіп шығып ойнап көрген ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Елдос Ахметов матчтың ортасында жүрегінің аузына тығылғандығын айтқан. «Жетісу» футбол клубының дәрігері Елдар Исаев: «Спортта жүрген дәрігер ретінде энергетикалық сусындар туралы сұрақтарға жиі тап боламын. Көптеген энергетиктердің құрамында жоғары мөлшерде кофеин, таурин, қант және түрлі стимуляторлар болады. Олар қысқамерзімді сергектік беретіндей көрінгенімен, жүрек-қан тамыр жүйесіне қосымша салмақ түсіреді. Энергетиктерді үнемі пайдалану аритмияға, қан қысымының күрт көтерілуіне, ұйқының бұзылуына және спортшының жалпы қалпына келу қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан энергетикалық сусындарды тек ерекше жағдайларда және мөлшерін қатты қадағалап қолдануды ұсынамын. Спорттағы негізгі жетістік – ұйқының қанып, уақытылы тамақтану, жоспарланған жаттығу процесін дұрыс орындау деп білемін», – дейді. Ал «Жетісу» футзал клубының ойыншысы Бексұлтан Тілеухан: «Өзім пайдаланбаймын және қатарластарыма да соны айтамын», – деп түйді.

Медициналық, ғылыми-биологиялық зерттеулерді жинақтайтын әлемдік ең ірі дерекқорлардың бірі – Pubmed ақпарат көзінің статистикасына сүйенсек 2024 жылы жарияланған мета-талдау бойынша (әлем бойынша), адамдардың өмірінде кем дегенде бір рет энергетикалық сусын ішкендер – шамамен 54.7 пайызды (аптасына бір ішетіндер 21,6 пайыз, күнделікті тұтынатындар шамамен 8,8 пайызды құрады) көрсетті. Ал Euromonitor International деректері бойынша 2022 жылы еліміздің нарығында бөлшек сауда арналары арқылы энергетикалық сусындарды сату көлемі бағаның айтарлықтай өсуіне қарамастан, 2021 жылмен салыстырғанда 25 пайызға өскен. Ал 2017 жылмен салыстырғанда энергетикалық сусындарды сату көлемінің өсуі 198 пайызды құраған. 2017 жылғы 61,7 мың тоннадан 2022 жылы 184 мың тоннаға дейін ұлғайды. Биыл жазда елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды. Оның алдындағы статистика жаға ұстатарлық еді. 2022 жылғы дерек бойынша, елімізде 11 мен 15 жас аралығындағы балалардың 43,2 пайызы энергетикалық сусын тұтынған. Бұл сан жыл сайын өсіп отыр. Ауыздықтаудың жолы осы. Егер 21 жасқа толмағандарға сатқан саудагер ұсталса заң алдында жауап береді.

Спортшыларымыздың энергетикалық сусындардан бойын аулақ ұстап, аренада өзін толық көрсетіп, тәртіппен еңбектің арқасында ел алдында жүрсе дейміз.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.