Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда химия пәнінен олимпиада өтті

4 желтоқсан 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда химия пәнінен олимпиада өтті

elumiti.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Білімді ұрпақ тәрбиелеу – ел дамуының берік іргетасы. Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ғылыми қабілетін шыңдауда түрлі пәндік сайыстардың рөлі зор. Осы ретте Талдықорғанда химия пәніне қызығушылығы жоғары жас таланттарды анықтауға бағытталған олимпиада өтті.

ChemTalent байқауына 7-9-сынып аралығындағы 50-ге жуық жас дарын жиналды. Олар жұптық форматта бірнеше тәжірибелік тапсырманы орындап, өз білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік алды. Солардың бірі – 13 жасар Назерке Тұрархан. Ол химия әлеміне ерекше қызығатын жас зерттеуші. Бұған дейін облыстық және республикалық деңгейдегі ғылыми сайыстарда топ жарып жүрген жас бұл жолы да өз білімі мен шеберлігін шыңдауды мақсат етіп келіпті.

№20 мамандандырылған лицейдің оқушысы Назерке алғашқы тәжірибе туралы әсерімен бөлісті.

– Бірінші эксперимент «Сұйықтық мұнарасы» деп аталады. Берілген сұйықтықтардың тығыздығын есептеп, мұнара жасауымыз керек. Бұрын мұндай тәжірибелермен айналысқан соң аса қиындық туғызған жоқ. Барлық сынақтан сүрінбей өтуге тырысамыз, – дейді жас химик.

Олимпиада аясында оқушыларға барлығы төрт тәжірибелік тапсырма ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сынақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, зертханалық дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. Бұл байқау 2023 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Алдымен жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша онлайн тест жүргізіліп, химия пәнінен қатысушысы ең көп қала таңдалады. Осыған сәйкес биылғы дода Талдықорғанда ұйымдастырылған.

«El Umiti» корпоративтік қорының олимпиадалық даярлау орталығының басшысы Абылайхан Қайроллаев «Оқушылар жұмыстары арнайы талаптар бойынша бағаланып, үздіктер сертификаттар мен дипломдарға ие болады», – деді.

Химияға құштар жастарды қолдауды мақсат еткен бұл білім додасына «El Umiti» корпоративтік қоры ұйытқы болып отыр. Алдағы жылы да олимпиаданы тұрақты түрде өткізу жоспарланған. Қатысу тегін. Жалпы, биылғы сайысқа келген оқушылардың дайындық деңгейі жоғары екені байқалды.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

Бүгін, 17:18
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Бүгін, 16:17
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін, 15:26
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Бүгін, 14:34
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Бүгін, 13:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.