Талдықорған: +10°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Біздің Ершат

Біреудің тегі қазақ, біреудің жаны қазақ. Тек тәнге, жан рухқа тартып тұрады. Ал рух – болмыстың тілі. Демек, құжатында ғана қазақ болып жүргенімен өз халқының рухани әлемінен қол үзіп қалғандардан гөрі өзге ұлт өкілі бола тұра қазаққа пайдасын көп тигізетін азаматтардың бәсі жоғары. Яғни қазақ тілін өз ана тілінен кем білмейтін, қазақ мәдениетін өз халқының мәдениетінен кем құрметтемейтін тұлғалар – бүгінгі қоғамның ең сыйлы адамдары.

06.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Біздің Ершат
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамның құрметін ешкім сатып ала алмайды, ол ел мен жерге деген махаббатыңның, адал еңбегіңнің, таза жүрегіңнің жігерімен жетер жетістік, адамдықпен шығар шыңың! Екінің біріне бұйыра бермейтін осы бақ басына қонғандар аз емес, соның ішінде тегі ұйғыр болғанымен жаны қазақ, мемлекетшіл тұлға – белгілі журналист, қоғам қайраткері Ершат Асматовтың орны бөлек дер едік.

Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Кішідиқан елді мекенінде дүниеге келген Ершат Моллахунұлы сол ауылдағы орта мектепті бітірді. Алғыр оқушы болды, мектепішілік түрлі әдеби-мәдени шараларда үнемі ұйымдастырушылық қасиетімен көзге түсетін. Өлең жазды, тырнақалды туындылары Ұйғыр және Панфилов аудандық газеттерінде жарық көрді. Мектепті бітірген соң о бастан ұстаздық кәсіпті сүйген Ершат Алматыға келіп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінің ұйғыр тілі мен әдебиеті бөліміне құжат тапсырды. Бірақ қазақ-ұйғыр тұратын ауылда туып-өскен ол қабылдау емтиханында орыс тілінен диктант жазудан төмен баға алып қалды да оқуға түсе алмады.

Ауылда бір жыл бойы ұжымшардың жұмысына жегіліп, жұмыстың небір түрін атқарып, еңбекте пісіп, ойы да, бойы да өскен Ершат ата-анасына: «Ұйғыр халқының белгілі тұлғалары шыққан Жаркенттегі педучилищеге барып оқып, кейіннен бәрібір жоғары білім аламын» деген кесімін айтты. Сөйтіп аталған оқу орнында бір жыл оқыған соң әскер қатарына алынды. Екі жыл міндетті әскери борышын өтеп, оқуына қайта оралған ол училищені бітіретін жылы сол кезде «Коммунизм туғи» (қазіргі «Уйгур авази») деген атпен шығып тұратын еларалық газетте шыққан бір жарнамаға көзі түсті. Онда ҚазМУ-дің журналистика факультеті жанынан ұйғыр, неміс, корей жастары үшін 25 адам қабылдайтын арнайы бөлім ашылып жатқаны жазылған екен. Жоғары білім алуға талпынған жігіт бірден құжат тапсырды. Барлық емтиханнан жақсы баға алған Ершат журналистиканың ұйғыр бөліміне түсуге талаптанған 40 баланың ішінен берілген 7 орынның біреуіне ілікті.

Ауыл шаруашылық жұмысына барғанда Ершат курстастарымен жақын араласып, танысып-білісе бастады. Олар Ершаттаң қазақ тілін де, әдебиетін де өздерінен кем білмейтініне таңғалады. Өйткені Ершаттың ата-анасы қазақша білім алған адамдар, өзі ұйғыр сыныбын бітіргенімен тіл-әдебиеттен өзге пәндерден қазақ мұғалімдер оқытқан Ершат тілге жетік болып өсті, қазақша кітаптарды жұрттан кем оқымаған-ды. Міне, сол артықшылық оған жоғары білім алғанда да көп көмегін тигізді. «Ол кезде журфакта өнерлі жігіттер оқыды ғой, 5-жатақханада күнде думан болып, жастар түнімен өлең оқып, ән салып жататын еді», – дейді сол кезді сағынышпен еске алған Ершат.

– Әсіресе, біздің курстан небір мықтылар шықты. Ғабит қазір «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы, Бауыржан Ғұбайдуллин Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Ермахан Шайхы мен Ғалия Майкотова ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде сабақ береді, Нұрлан Қалқа Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі, Нұржан Қуантайұлы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, Бекжан Әліқұлов Қазақстан Республикасының Ресейдің Астрахань қаласындағы бас консулдығының кеңесші-консулы, Арыстанғани Заппаров Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы, Жанар Оразымбет пен Гүлнәзия Молдабергенова Қазақ радиосының белгілі журналистері, Тамара Дәулетбаева ҰҚК Шекара қызметінің подполковнигі, «Отан сақшысы – Часовой Родины» газетінің тілшісі. Бұлардың ішінде бірнеше кітабы шыққан белгілі қаламгерлер бар».

Ершат 2-курстан бастап оқумен қатар ұйғыр тілінде шығатын «Коммунизм туғи» (1991 жылдан бастап «Уйғур авази») газетінде корректор болып еңбек ете бастады. Корректорлық қиын жұмыс, себебі газет-журналдардың қатесіз шығуына ең жауапты адам – корректорлар. Кезінде тіпті «корректор болмаған журналист – журналист емес» деген де сөз болатын. Міне, соны санасына ұялатқан Ершат журналистикадағы жұмысын корректорлықтан бастағанына өкінбейді. «Қате теріп үйрену де дағдыға айналып кетеді екен», – дейді Ершат. – Жан-жағыңдағы жазуларға қарағанда онда кеткен қателер бірден көзіңе түседі. Тіпті, көшеде келе жатып, қате жазылған сөздерді көргеніңде ашуың келіп, бірден түзеп тастағың келіп тұрады».

Университетті бітіруге аз қалғанда Ершаттың әкесі Моллахун ақсақал науқастанып қалады да ол дипломын алар-алмастан ауылына қайтуға мәжбүр болады. Сөйтіп, өзі туған өңірдегі орта мектепте мұғалім, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етеді. 1995 жылы Алматыға қайта оралып, «Уйғур авази» газетіне тілші болып орналасты. Одан соң бөлім бастығы, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары, 2014 жылдың наурызынан бері сол басылымның бас редакторы қызметін атқарып келеді.

Журналист, қоғам қайраткері ретінде Ершат Асматов еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүр. Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибелі мүшесі ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, елдегі тұрақтылықты, қоғамдық және этносаралық келісімді нығайту жолында белсене қызмет атқарып келеді. Халықтың арасына жиі барып, ел аралап, Президенттің саясатын, мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын насихаттайды. ҚазМУ журналистика факультетінің шақыруымен бірнеше рет студенттерге шеберлік сабақтарын өткізіп, лекциялар оқыды. Бас редакторлар клубы және ҚХА Журналистер клубы ұйымдастырған республика, облыс деңгейіндегі барлық шараларға белсенді қатысады.

2019 жылдың 29 қыркүйегінде Елордада Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар тобының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жалпыұлттық бірлікті және этнос-аралық келісімді нығайту мақсатында этникалық БАҚ-ты қолдау және дамыту бойынша жұмысы жайлы» тақырыбында басқосуда «Уйғур авази» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, ҚХА мүшесі Ершат Асматов этно-БАҚ мәселелері бойынша баяндама жасады. 2022 жылы «Масс-медиа туралы» Заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының мүшесі ретінде аталған заңның қабылдануына пайдалы пікірлерін айтып, белсене қатысты.

Журналистер одағы сыйлығының иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы Ершат Асматовтың жоғарыда айтылып өткен қоғамдық қызметтегі жетістігі мемлекет тарапынан лайықты бағаланып келеді. Бірқатар мерейтойлық медальдармен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің Алғыс хаттарымен марапатталған. 2025 жылдың 24 маусымында ел Президенті Қ. Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алды.

Ершат Моллахунұлы бас редактор болып сайланған 2014 жылы «Уйғур авази» газетінің таралымы 12 мыңнан сәл-ақ асатын. Ал соңғы 3 жылда әр жылда 20 мыңнан астам таралыммен тарайды. Сөйтіп «Уйғур авази» республикадағы газеттер арасында таралым жағынан алғашқы «бестікке» енді. Ол басшы болғаннан бері газет мазмұн жағынан байып, заман талабына сай шыға бастады. 2024 жылдың ақпанынан Мемлекеттік тілді қолдау және насихаттау мақсатында қазақ тіліндегі «Шаңырақ» арнайы беті, сондай-ақ, жастарға, мұғалімдерге, әйелдерге, балаларға арналған беттер тұрақты шығады.

Ершатты білетін достары оны «Біздің Ершат» деп жақын тартады. Өйткені ол – талантты қаламгер, іскер басшы, қоғам белсендісі, ұлтаралық татулықты насихаттаушы. Әлемде түрлі оқиғалар болып жатқан тұста халқының ауызбіршілігін, тыныштығын сақтап отырған мемлекетінің амандығын тілеуші.

– «Біздің ел – бейбітшілік кеңістігі. Мұнда этностар арасында татулық пен келісім орнаған. Барлық этнос өкілдерінің тілін, әдебиеті мен мәдениетін дамытуға шынайы жағдай жасалған. Мәселен, елімізде 15 тілде газет-журнал басылады. Неміс, ұйғыр, корей, өзбек ұлттық театрлары және бірнеше орыс театрлары бар. Мұның бәрі ел билігінің дұрыс саясат ұстанып отырғанының жемісі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тіл. Сондықтан осы елде өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді игеру шарт, бәріміз Мемлекеттік Гимнді бір кісідей қатар тұрып шырқасақ, ол өзің тірлік кешіп жатқан елге деген құрмет. Өз елін сүймеген өз ұлтын да сүйіп жарытпайды, өзгеге де құрмет көрсетудің адамгершілік, мәдениет екенін де сезінбейді», – дейді Ершат Моллахунұлы.

Бұл оның азаматтық сөзі, шын жүректен шыққан лебізі. Біз де Ершатты осы болмысы үшін жақсы көріп, «Біздің Ершат» дейміз. Біздің Ершаттың алар асуы көп болғай!

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ
ҚР Ақпарат саласының үздігі

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.