Невролог Байбин Чэн ұзақ өмір сүріп, 80-90 жасқа келсе де ақыл-ойы сергек қалған адамдарда бір ортақ ерекшелік барын атап өтті.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Дәрігердің айтуынша, көптеген егде жастағы пациенттерін зерттей келе, олардың миын жас әрі сергек сақтап қалуға әлеуметтік белсенділік шешуші рөл атқаратынын байқаған.
“Иә, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі маңызды. Бірақ бұл адамдарды біріктіретін негізгі фактор — олардың үнемі адамдармен араласуы. Ұзақ өмір сүретіндерге жүргізілген соңғы зерттеулер олардың миында эмоция, назар және әлеуметтік байланыстарға жауапты алдыңғы белдеулік қыртыстың жақсы дамығанын көрсетті”, – дейді Чэн.
Маманның сөзінше, әлеуметтік қарым-қатынас — ми үшін күрделі әрі пайдалы жаттығу. Адам әр жолы біреумен сөйлескенде есте сақтау, эмпатия, назар және тілге жауапты нейрондық желілер бір мезетте іске қосылады.
Чэннің айтуынша, терең әлеуметтік байланыстар стресс гормоны кортизолды төмендетіп, керісінше окситоцин мен дофаминнің бөлінуін арттырады. Бұл – егде жаста адамның өзін бақытты әрі сергек сезінуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі.





