Жиында туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыру мақсатында парк аумағындағы жер учаскелерін ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға беру қағидалары және парк аумағындағы туристік маршруттарда берілетін ұзақ және қысқа мерзімді жер учаскелерін қарастыру мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерлер басқосуында сөз алған «Жоңғар – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ бас директоры Марат Қабиев жиынның мән-маңызына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ жиналған қауымға парктің табиғаты, онда мекендейтін құстар, жануарлар туралы бейнеролик көрсетілсе, парк ғылыми қызметкерлері әрбір нысанды кеңірек насихаттады.
Кездесу барысында ұлттық табиғи паркімізде экологиялық туризмді дамыту мақсатында аймақтағы туристік әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды жақсарту бойынша бірқатар жұмыс жоспарланып, өңірдің табиғи, тарихи-мәдени нысандары мен туристік маршруттары туралы мәліметтер берілді. Аталған жүздесу сонысымен құнды болды.
Жақсылық ИГІМАН





