Қазақстанда Жаңа жыл мерекесі алдында және мереке күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар іске қосылады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Компания дерегінше, қосымша құрамдар шамамен 23 мыңға жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша рейстер төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Алматы – Астана
№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
- Алматыдан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан; 2026 жылғы 2, 4 қаңтар.
- Астанадан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан; 2026 жылғы 3, 5 қаңтар.
Астана – Шымкент
№203/204 «Астана (Нұрлы жол) – Шымкент»
- Астанадан: 20, 23, 26, 29 желтоқсан; 2026 жылғы 2 қаңтар.
- Шымкенттен: 22, 25, 28, 30 желтоқсан; 2026 жылғы 4 қаңтар.
Ақтөбе – Астана
№257/258 «Ақтөбе – Астана (Нұрлы жол)»
- Ақтөбеден: 20, 23, 26, 29 желтоқсан; 2026 жылғы 2 қаңтар.
- Астанадан: 22, 24, 28, 30 желтоқсан; 2026 жылғы 4 қаңтар.
Пойыз құрамына стандартты купе және плацкарт вагондары қосылады.
Бұдан бөлек, сұранысы жоғары бағыттардағы қолданыстағы пойыздарға қосымша вагондар тіркеліп, 30 мыңнан астам қосымша орын ұсынылады.
Компания жолаушыларға мереке күндеріндегі жоғары сұранысты ескере отырып, билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынады.
«Егер билет сатып алу кезінде бос орындар көрсетілмесе, жолаушылар тегін Күту парағы қызметін пайдалана алады», – делінген хабарламада.





