Талдықорған: +14°C
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бүгін – Адам құқықтары күні

10.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Бүгін – Адам құқықтары күні

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан 77 жыл бұрын, 1948 жылдың 10 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Сондықтан дәл осы күні бүкіл әлемде Адам құқықтары күні атап өтіледі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жазды.

«Бұл – әрбір адамның негізгі құқықтарын жариялаған тарихтағы ең маңызды құжаттардың бірі. Декларацияның мақсаты – теңдік, негізгі бостандықтар және әділет қағидаттарына негізделген қоғам құру. Ол заманауи құқықты қорғау жүйесінің дамуына серпін беріп, халықаралық құқық қорғау тетіктерінің негізіне айналды.

Бұл күні бәріміз адам құқықтары – түрлі мәдениеттер мен жергілікті ерекшеліктерге бейімделетін құндылықтар ғана емес, саяси таңдау емес екенін тағы да ұғына аламыз. Бұл – әмбебап міндет және міндетті заңды күші бар құқықтық қағидаттар.

Адам құқықтарын қорғау және ілгерілету біздің мемлекет үшін әрқашан басым бағыт болып келді және солай қала береді», – деді А. Ластаев.

Оның сөзінше, кейінгі жылдары Қазақстан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған ұлттық заңнаманы жаңғырту бойынша елеулі қадамдар жасады. Бұл бастамалар мемлекеттің халықаралық стандарттарға сай болуға және құқық қолдану тиімділігін арттыруға ұмтылысын көрсетеді.

«Негізгі бағыттардың бірі болып зорлық-зомбылықпен, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес табылады. Жауапкершілікті күшейту бойынша қатаң механизмдер енгізіліп, қылмыстық қудалауға негіздер кеңейтілді және жәбірленушілерді қорғаудың кепілдіктері күшейтілді. Баланың құқықтарын қорғау саласында да айтарлықтай өзгерістер жасалды.

2024 жылы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң қабылданды. Бұл заң кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша татуласуға мүмкіндік бермей, ұрып-соғу және жеңіл зиян келтіруді қылмыс қатарына жатқызды.

Кәмелетке толмағандарға жыныстық сипатта тиіскені үшін, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе жәрдемдесу үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Кәмелетке толмағанды зорлағаны үшін енді тек өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «қалыңдық ұрлауды» қылмыстық жауапкершілікке жатқызу жөніндегі ұсынысты іске асыратын заңға қол қойды. Бұл заң адамды ұрлау және бостандығынан заңсыз айыру үшін жазаны (тиісінше 15 және 10 жылға дейін) күшейтті, жәбірленушіні босатқан жағдайда да кінәліні босатуға мүмкіндік бермейді. Бұған қоса, некеге тұруға мәжбүрлегені үшін жауапкершілік бекітілді

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жүйесін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Ұлттық заңнама халықаралық стандарттарға сәйкес келтіріліп, алдын алу шаралары күшейтілді, зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау кеңейтілді.

Құқықтық қорғауға бағытталған заң шығару жұмысының маңызды бағыттарының бірі – кемсітушілікке қарсы іс-қимыл және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету.

Сондай-ақ адам саудасымен күреске аса көңіл бөлінді.

Сонымен қатар қылмыстық заңнаманы гуманизациялау жүргізілуде. Бірқатар баптар бойынша санкциялар төмендетіліп, оңалту және түрме халқының санын азайтуға бағытталған жазаның баламалы шаралары енгізілді», – деді ол.

Сондай-ақ ол аталған өзгерістер Қазақстанның адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту және оны қазіргі заман сын-қатерлеріне бейімдеу бойынша дәйекті жұмысты жүргізіп жатқанын көрсететінін атап өтті.

«Бұл құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның орнықты дамуының негізін қалайды.

Даму мәселесіне адам құқықтары тұрғысынан қарай отырып, тиімді әрі тұрақты нәтижелерге қол жеткіземіз. Сол себепті адам құқықтары орнықты даму мәселелерінің барлығында негізгі өзекті желі ретінде көрініс табады, ал ұлттық құқық қорғау ұйымдары соған қажетті институционалдық архитектураның маңызды элементтері болып саналады.

Құқық қорғауға бағытталған күн тәртібі – жүйелі және тұрақты үрдіс. Сондықтан адам құқықтарын ілгерілету және олардың іске асырылуын қамтамасыз ететін заңнамалық кепілдіктерді нығайту жөніндегі жұмыс одан әрі жалғастырылатын болады», – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Қатысты жаңалықтар

29 тамызға дейін FlyArystan Дубай рейстерін тоқтатты

29 тамызға дейін FlyArystan Дубай рейстерін тоқтатты

16.04.2026
NASA суперкомпьютері адамзаттың Жердегі жойылу мерзімін есептеді

NASA суперкомпьютері адамзаттың Жердегі жойылу мерзімін есептеді

16.04.2026
Өткен жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Өткен жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

16.04.2026
Халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден озды

Халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден озды

16.04.2026
Қастерлі мекеннің мерейтойы

Қастерлі мекеннің мерейтойы

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.