Қазақстан шорт-тректен ұлттық құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев спорттық мансабындағы төртінші Олимпиадасына қатысады. Тәжірибелі спортшы 2026 жылы өтетін Milano Cortina Қысқы Олимпиада ойындарына жоғары дайындықпен баруды көздеп отыр.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әжіғалиев бұған дейін үш бірдей Олимпиадада ел намысын қорғаған тәжірибелі спортшы ретінде команда үшін маңызды тірек саналады. Оның сөзіне қарағанда, алдағы сын оның мансабындағы шешуші кезеңдердің бірі болмақ.
Спортшы өз дайындығын күшейтіп, Қазақстанның шорт-трек құрамасының нәтижесін жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Ұлттық құраманың бапкерлер штабы да Әжіғалиевтің тәжірибесі мен көшбасшылық қабілеті жас спортшылар үшін үлкен мектеп болатынын атап өтеді.





