Талдықорған: +22°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мүмкіндігі мол өңір

13.12.2025
КҮНДЕРЕК
Мүмкіндігі мол өңір

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ тарихында ел мен жердің амандығы үшін тер төгіп, келер ұрпақтың саналы болуы үшін билік құрған, анталап шапқан жауға қарсы найза толғап, атқа қонған ерлер аз болмаған. Солардың қатарында Жетісу жеріне ел қондырған Ескелді бидің есімі ерекше аталады. Халқы қастер тұтқан қарияның есімі бір ауданға беріліп, ұрпақтары атын асқақтатып отыр. Облыс орталығының іргесінде жатқан Ескелді ауданы ауылшаруашылықтың, туризмнің, өнеркәсіптің көрігін қыздырған өңір.

Газетке жазылу науқанына орай арнайы барған бізді аудан әкімі Елдос Ахметов қарсы алып, өңірдің даму көрсеткіштері мен жетістіктері туралы сөз етті. Айтуынша, биыл жыл басынан бері аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарынан 5 миллиард 334 миллион теңге салық жиналған. Оның 3 миллиард 900 миллионы жергілікті салық есебінен түскен.

– Аудандағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, инвестиция, тұрғын үй құрылысы сынды салалардағы жоспарды жыл соңына дейін толығымен орындаймыз. Атап айтқанда, биыл 53 мың гектар жерге дәнді дақылдар сеуіп, толығымен жинап алдық. Дегенмен, жаз кезіндегі құрғақшылық диқандардың еңбегіне кәдімгідей әсер етіп, түсім былтырғыға қарағанда төмен болды. Одан басқа, биыл 1922 гектар жерге салынған қант қызылшасынан 105 мың тонна өнім жинадық. Қазірдің өзінде Көксу қант зауытына 90 мың тоннадан астамын өткізіп қойдық. Сонда гектарынан 560-600 центнерден айналып отыр, – деген Елдос Тұрсынбайұлы Ескелді ауданында жаңадан салынып жатқан өндіріс орындары жайлы да тілге тиек етті. – Олардың ішіндегі ең үлкен кәсіпорындар су электр стансылары дер едім. Былтыр өздеріңіз Текелінің басындағы «Қора 3» СЭС-нің ашылуына куә болдыңыздар. Биыл соның жалғасы есебінде тағы бір СЭС салынып жатыр. Көксу өзенінің бойынан «Ескелді СЭС» деп аталатын су электр стансысы салынды. Одан бөлек, Шажа өзенінен тағы бір СЭС салу жоспарда бар. Міне ,осы кәсіпорындар ауданымыздың құрылыс, инвестиция, салық сынды салалардағы статистикалық көрсеткішін жаңа деңгейде көтеріп отыр. Соның арқасында биыл ауданға 24 миллиард теңге инвестиция құйылды деп сеніммен айта аламыз.

Аудан әкімінің сөзінше, туристерді қызықтырып отырған Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын жолды жөндеу жұмыстары кезеңмен жүргізіліп отыр. Соған сәйкес Үкіметтен 3 жылға 3,2 миллиард теңге бөлініп, жол құрылысы басталды. Егер тау өзенін көпірлермен кесіп, тұмса табиғатқа апаратын асфальт жол салынатын болса, Ескелді ауданындағы туризм саласы жаңаша серпін алады. Сондай-ақ, аудандағы «Тау Жетісу» демалыс аймағы әлем жұртшылығының назарын аудартып отыр. Биыл онда парапланнан Әлем чемпионаты өтіп, 40-қа жуық мемлекеттен келген спортшылар бақ сынады. Осыған орай «Тау Жетісу» демалыс аймағының басшылығы қонақүй орналасқан биіктің жоғарғы жағынан демалушыларға арнап айналмалы доңғалақ салуды жоспарлаған.

Елдос Ахметовтің айтуынша, ауданның мәдениет саласында да жаңалық көп. Биыл белгілі ақын Бақтыбай Жолбарысұлының туғанына 190 жыл толуына орай республикалық айтыс өткізілсе, келер жылы жазушы Сайын Мұратбековтің 90 жылдығы кең көлемде тойланады.

– Қазір газет оқу қиын. Бүгінгі жастар мерзімді баспасөзді оқымайды, тіпті, телеарнаға да қарамайды. Күнделікті жаңалықты қолындағы смартфоннан біліп алады. Соған қарамастан газетке жазылу науқанын белсенділікпен өткіземіз. Аудандағы коммуналдық мекемелердің, шаруа қожалықтарының, кәсіпкерлердің көмегімен жергілікті басылымдарға жазылып, мемлекеттік саясатты жүргізуге ықпал етеміз, – деген аудан әкімі білім, денсаулық сақтау, спорт, қоғамдық тәртіп, мәдениет салаларындағы жұмыстарын таныстырды.

Былтыр Қоңыр ауылдық орта мектебіне және Шымыр ауылындағы Мәншүк Мәметова мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтар жаңадан алыныпты. Биыл Қарабұлақ орта мектебі жаңартылып, пайдалануға берілсе, Бақтыбай ауылындағы Сәкен Сейфуллин мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келер жылы пайдалануға берілетін мектептің оқушылары Алдабергенов ауылындағы Матай Байысов мектебінде оқып жатыр. Оларды тасымалдау үшін арнайы автобус бөлінген.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен дайындық барысы пысықталды

Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен дайындық барысы пысықталды

06.05.2026
Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

05.05.2026
Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

05.05.2026
Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

05.05.2026
«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.