Талдықорған: +14°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Армандаған үй – алаңдаулы көңіл

13.12.2025
КҮНДЕРЕК
Армандаған үй – алаңдаулы көңіл

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданы әкімінің қабылдауында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен таныстық соң, Бақтыбай ауылы Жетісу Шұғыласы көшесіндегі әлеуметтік осал топтарға берілген жаңа үйлерге қатысты мәселені өз көзімізбен көру үшін елді мекенге арнайы бардық.

Тұрғындармен тілдесіп, жағдайдың нақты мән-жайын зерделедік.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы аудан әкімі, облыстық құрылыс басқармасы және «Smart Story Group 2050» ЖШС арасында меморандум бекітіліп, компания өз қаражаты есебінен жалпы ауданы 62 шаршы метрден тұратын 20 жеке тұрғын үй салуға міндеттелді. Полистирол блоктан салынған үйлер 22 қарашада Ескелді ауданының құрылыс бөліміне өткізілген. Әр үй мемлекет есебінен 18 240 090 теңгеге сатып алыныпты.

Жаңа үйлерге қоныстанған тұрғындар сөзінше, бір ай толмай жатып қабырғаларда қара дақтар пайда болған. Кей үйлердің бұрыштарында көгеру айқын көрінеді.

Құрылысқа жауапты мердігер компанияның учаске бастығы Александр Семичкин тұрғындар шағымынан кейін мәселені шешудің жолы қарастырылғанын айтты. Оның сөзінше, терезенің жан-жағынан суық кірмес үшін саңлаулар бекітілген, қосымша жылу ұстайтын материал салынған. №6 үйдің сырты қайта қапталған. Екі үйдің төбесіндегі ылғал өтетін жерлер жөнделген. Сондай-ақ, көгеруді болдырмас үшін вентиляция орнату қолға алынған.

Л. АСЛАНБЕКОВ,
ІІ топтағы мүгедек:
– Жаңа үйге көшкенде бәріміз қуандық. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады. Пешті жаққанмен бөлме жылу ұстамайды. Орнатылған пластмасса батареялар газ жүйесіне арналған, ал біз қатты отын пайдаланамыз. Сол себепті үйдің іші ылғалданып, қабырғалары көгеріп тұр. Бұл мәселенің шешілуін күтеміз.

Д. МАРАТОВА,
көпбалалы ана:
– Баспанаға қол жеткізу үшін жылдар бойы үй кезегінде тұрдық. Жаңа үй берілгенде қатты қуандық. Өткен жылдың көктемінде қоныстандық. Жаз бойы «кебеді» деген соң үндемедік. Ал күзде от жаққалы бері үй іші ылғалданып, қабырғалар көгеріп кетті. Күн сайын сүртемін, бірақ қайта шыға береді. Балалар жөтеліп жүр. Төбені жылытып береміз деп жапты, енді ылғал жиналмас үшін вентиляция орнатамыз деген еді, бірақ әзірге басталмады. Аяз түспей тұрғанда мәселе шешілсе жақсы болар еді. Көшемізге газ құбыры тартылса, жүйеге қосылар едік. Бұл мәселені айттық та, жаздық та, енді тезірек шешімін тапса дейміз.

Құрылыс саласында жиырма жылдан бері еңбек етіп келетін Александр Владимирович мұндай жағдайға алғаш рет тап болғанын айтады.

«Бұған дейін бірнеше компанияда жұмыс істедім. Бұл компанияда учаске бастығы болып еңбек еткеніме 2 жылдай болды. Жаңа үйлердегі сапаның сын көтермей отырғанының себебін әзірге анықтай алмай отырмыз. Үйлердің іші құрғақ еді» – деген маман нысандардың газ жүйесіне есептеліп салынғанын да жасырмады.

Қалай болғанда да бұл жағдай бірнеше маңызды сұрақ туындатады: Мемлекеттік комиссия үйлерді қабылдау кезінде толық тексеріс жүргізді ме? Құрылыс жұмыстарының сапасын кім бақылаған? 18 миллион теңге бөлінген үй неге қысқа мерзімде көгерді?

Жаңа үйлерді қабылдап алу мәселесіне қатысты Бақтыбай ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерхан Ахановтан сұрағанымызда, ол мұндай сұрақтарға нақты жауапты аудандық құрылыс бөлімі ғана бере алатынын айтып, қысқа қайырды. Өз сөзінде ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі қалыпты екенін жеткізіп, елді мекендегі үш көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бес көше жарықтандырылғанын, С. Сейфуллин атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Қалай дегенмен Бақтыбай ауылындағы жағдай – әлеуметтік мақсаттағы құрылыстардың сапасына қатысты бақылаудың әлсіздігін көрсететін анық мысал. Тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін бұл мәселе нақты және жүйелі шешімді қажет етеді.

Сарби ӘЙТЕНОВА

 

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

05.05.2026
Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

05.05.2026
Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

05.05.2026
«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

05.05.2026
Шәкірт шамшырағы

Шәкірт шамшырағы

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.