Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ескелді ауданында ауыл медицинасын жаңғырту: Жастар ауылында жаңа ФАП

Ескелді ауданына қарасты Жастар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Ауыл халқы үшін маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуы тұрғындардың денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін едәуір жақсартпақ.

16 желтоқсан 2025
КҮЛТӨБЕ
Ескелді ауданында ауыл медицинасын жаңғырту: Жастар ауылында жаңа ФАП
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа медициналық пункттің құрылысы облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылған. Жобаның жалпы құны 190 миллион теңгеден асады. Құрылыс жұмыстарын «Жаркент алғыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды. Нысанның құрылысы өткен жылдың 5 қыркүйегінде басталып, бүгінде дайындық деңгейі 95 пайызға жеткен.

ФАП іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындары алғашқы медициналық-санитариялық көмек, амбулаториялық қызмет, жедел және шұғыл медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен екпе алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, тұрғындарға саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған кеңестер де беріледі. Медициналық пункт 738 адамға қызмет көрсетуге бейімделген. Оның ішінде 197 бала, 39 жасөспірім және 502 ересек бар.

Салтанатты жиынға қатысқан Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметов ауылдық денсаулық сақтау саласына көрсетіліп жатқан қолдауға тоқталды.

– Халықтың амандығы – мемлекеттің басты байлығы. Сондықтан медицина саласын дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы аясында аудандағы 5 елді мекенде жаңа нысандар бой көтеріп, жеті мыңнан астам тұрғын сапалы медициналық қызметпен қамтылуда, – деді аудан басшысы.

Жиында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сәуле Құсмолданова ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Ал ауыл тұрғыны Сағи Жүнісов елге көрсетілген қамқорлыққа ризашылық білдірді.

– Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Ауыл адамдары шын мәнінде риза. Осындай игі істер көбейе берсін, – деді ол.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.