«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 17 желтоқсанға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағында қар жауып, жаяу боран соғады, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасады. Көптеген өңірлерде жел күшейіп, оның екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Астанада қар жауып, жолдарда көктайғақ болады, желдің күшеюі күтіледі. Алматыда тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Шымкент қаласында да тұман болуы ықтимал.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және өзге де облыстарда қар мен боран болжанып отыр. Кей өңірлерде қалың қар жауып, жол қозғалысы қиындауы мүмкін.
Мамандар тұрғындарды алыс жолға шыққанда барынша сақ болуға, ауа райының қолайсыздығын ескеруге және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.





