Қазақстан аумағында 17 желтоқсан сағат 20:00-ден 18 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін қолайсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде қар, боран, көктайғақ, тұман және желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ертең, 18 желтоқсанда бірқатар облыстарда қатты қар жауып, боран соғады.
Жетісу облысында тұман мен көктайғақ болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында қалың қар, боран, тұман және көктайғақ болуы ықтимал.
Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз қатты қар жауады, тұман мен көктайғақ болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар және төменгі боран болжануда.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар, боран, түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында аздаған қар, төменгі боран және тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қар мен боран соғады.
Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тұман мен көктайғақ болжануда.
Синоптиктердің хабарлауынша, елдің басым бөлігінде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Мамандар тұрғындарды жолда сақ болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және сапарды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.





