Талдықорған: -2°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мемлекеттік қызметтегі басты талап

13.12.2025
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Мемлекеттік қызметтегі басты талап

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді қалыптастыратын аса маңызды ұғымның бірі. Өйткені мемлекеттік қызметшінің тәртібі, өзін-өзі ұстау мәдениеті, кәсіби біліктілігі мен халықпен қарым-қатынасы арқылы азаматтардың тұтас мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады. Осы себепті елімізде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына ерекше мән беріліп, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қойылатын талаптар нақты айқындалған.

Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметшілер өз қызметімен ғана емес, күнделікті әрекетімен де өзгелерге үлгі бола білуі тиіс. Олар әрдайым қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сай жұмыс істеп, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, кәсіби қызмет көрсетуге міндетті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі.

Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған, салауатты өмір салтын ұстанатын, отбасы құндылықтарын құрметтейтін тұлға болуы қажет. Себебі оның өмір салты мен қоғамдық ортадағы әрекеті де мемлекеттік қызметтің беделіне тікелей әсер етеді. Осы тұрғыда Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі – қызметкерлердің мінез-құлқы мен өзгелермен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу болып табылады. Бұл талаптар қызметтік уақытпен ғана шектелмей, жұмыстан тыс кезеңде де сақталуы тиіс. Мемлекеттік қызметші өз беделіне нұқсан келтіретін, қоғам тарапынан сын мен айыптауға себеп болатын жағдаяттардан аулақ болуы қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану сияқты негізгі қағидаттарға негізделеді. Бұл қағидаттар мемлекеттік қызметшінің қоғам игілігі үшін жауапкершілікпен қызмет етуін, заңды және әділ шешім қабылдауын, азаматтармен және әріптестерімен құрметке негізделген қарым-қатынас орнатуын көздейді. Мемлекеттік қызметтерді алушы ретінде халықтың сұраныстарына бағытталу – қызмет сапасын арттырудың басты тетігі.

Әдеп кодексіне сәйкес, басшы да, қатардағы қызметкер де барлық азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік қызметте сыпайылық пен әдептілік жоғары мәдениетті қарым-қатынастың негізі болып саналады. Әдеп нормаларын сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің тікелей міндеті. Өйткені мемлекеттік қызметші – ұлт пен мемлекеттің бет-бейнесі, ал оның табысты қызметі елге деген сенімнің кепілі.

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің моральдық және әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар бұрынғыдан да күшейтілген. Олардың қызметі, іс-әрекеті мен мінез-құлқы үнемі қоғамның назарында. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру, мемлекеттік қызметте өзара сыйластыққа негізделген мәдени ортаны қалыптастыру және әдепсіз мінез-құлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі қабылданды.

Әдеп кодексіне сай мемлекеттік қызметші барынша сыпайы, адал, сабырлы, ұқыпты әрі қарапайым болуы керек. Ол жалған ақпарат таратпауға, өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан сын туғызбауға және қызметтік міндеттерін адал атқаруға міндетті. Елге қызмет етуші маман өзінің білімі мен тәжірибесін толықтай кәсіби қызметіне арнап, тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметтің тағы бір ерекшелігі – мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар. Қызметшінің моральдық бейнесі мен әдебі оның сыртқы келбетімен де үйлесуі қажет. Сонымен қатар қызметтен тыс уақытта да жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің азаматтық борышы.

Бұл талаптардың орындалуын бақылап, алдын алу шараларын жүзеге асыратын арнайы институт – Әдеп жөніндегі кеңес. Кеңес отырыстарында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы, Әдеп кодексінің талаптары, қызметтік әдеп нормаларын бұзу жағдайлары қаралып, тиісті шешімдер қабылданады.

Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген ерекше сенім екенін терең сезініп, өзінің моральдық-әдептік бейнесіне қойылатын жоғары талаптарды әрдайым есте ұстауы қажет. Қоғам мемлекеттік қызметшінің өз білімін, тәжірибесін және күш-жігерін кәсіби қызметіне арнап, Отаны – Қазақстан Республикасына адал қызмет ететініне сенім артады.

Әділхан ҚЫСТАУБАЕВ,
Әдеп жөніндегі уәкіл
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.