Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет су саласын дамыту бойынша 2025 жылғы жұмысты қорытындылады

19.12.2025
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет су саласын дамыту бойынша 2025 жылғы жұмысты қорытындылады

Үкімет

WhatsAppTelegramFacebook

Үкіметтің 2025 жылға арналған қызметін қорытындылау аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов саланы дамыту мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу Astana Hub алаңында өтті.

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Баспасөз жиынында министр Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылы ел бойынша су саласына қатысты 145 жоба іске асырылуда, сондай-ақ 300-ге жуық нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.

Министрдің мәліметінше, Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасы мен Абай облысындағы Шар су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар Астана қаласының негізгі ауыз су көзі саналатын Астана су қоймасын ауқымды тазарту жұмыстарының бірінші кезеңі толықтай жүзеге асырылды.

Нұржан Нұржігітов 2025 жылы жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларға да тоқталды. Оның айтуынша, Қапшағай су қоймасын реконструкциялау биыл аяқталады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасына күрделі реконструкция жүргізілуде.

«2024 жылы Ақтөбе су қоймасының реконструкциясы толық аяқталды. Сонымен қатар бес жыл бойы тоқтап тұрған Қызылорда су торабын жаңғырту жұмыстары қайта жанданды», – деді министр.

Үкімет қызметінің жылдық қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 469 мыңнан астам адам тұратын 224 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін 13 топтық су құбырын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Министрдің айтуынша, 43 елді мекендегі 32 мың тұрғын алғаш рет орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл топтық су құбырын реконструкциялау жобасы аясында 52 ауылдың ауызсу мәселесі шешімін тапты. Бұл елді мекендерде 35 мыңнан астам адам тұрады.

Жоба аясында 100 шақырымнан астам су құбыры желісінде құрылыс және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан Есқұла су құбырын салу жобасы нәтижесінде 75 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің ауызсумен қамтылу деңгейі айтарлықтай жақсаруда.

Министр өткен жылы атқарылған жұмыстарға да тоқталды. 2024 жылы алты облыста сегіз топтық су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде 208 мың адам тұратын 49 елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесі едәуір жақсарды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл жобалар Президенттің халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ елдегі су қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.