Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және технологиялық дамуына тың серпін беретін маңызды стратегиялық құжат.
Жолдауда қоғамның барлық саласын цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, адам капиталына инвестиция салу секілді бағыттарға басымдық берілуі уақыт талабына толық сай келеді.
Отбасын қолдау орталығы қоғамның ең маңызды бірлігін – отбасы институтын нығайту бағытында жұмыс істейді. Президент Жолдауындағы цифрлық технологияларды әлеуметтік қызметтерге енгізу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, қызметтің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері біздің орталықтың жұмысын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.
Цифрлық шешімдер арқылы біз енді:
— Көмекке мұқтаж отбасыларды жедел анықтай аламыз;
— Психологиялық және құқықтық кеңесті онлайн форматта тиімді жеткіземіз;
— Жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтеміз.
Президент Жолдауындағы әрбір бастама – еліміздің келешегіне деген жауапкершілік пен сенімнің көрінісі. Біз өз тарапымыздан Жолдауда жүктелген міндеттерді орындауға және цифрлық қоғам құруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз.
Азат АЙТБАЕВА,
Қаратал ауданының «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры





