Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жәрдемші «жанұя»

19 желтоқсан 2025
КҮНДЕРЕК
Жәрдемші «жанұя»

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

«Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-нің мобильдік тобы халыққа әлеуметтік қолдау көрсетіп, жұмысын жүйелі жалғастыруда.

Өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыратын мобильдік топ  құрамында әр салада қызмет істейтін 186 маман бар. Биыл мобильдік топқа жүгінген 111 отбасына қолдау көрсетілді. Атап айтсақ, 10 адам жұмысқа орналастырылып, 70-тен астам адамға психологиялық және құқықтық, 13 отбасыға қайырымдылық көмек берілді.

Мобильдік топтың басты мақсаты – орталыққа келуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға жергілікті жерде көмек көрсету, әлеуметтік мәселелерді уақытылы анықтап, жедел шешу. Осы бағытта топ мүшелері ауданға қарасты шалғай ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізіп, олардың күнделікті өміріне байланысты маңызды сұрақтарын тыңдап, нақты шешім қабылдауға ықпал жасады. Жыл басынан бері мобильдік топ ауданның 35 елді мекенін аралап, 300-ден аса отбасыға барды. Әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға қажетті кеңестер беріліп, құжат рәсімдеу, жәрдемақы тағайындау, медициналық тексеруден өткізу және құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетті. Сонымен қатар, топ мүшелері қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтініштерін тыңдап, тиісті мекемелерге жолдады. Бұл жұмыстардың барлығы ауыл тұрғындарының әлеуметтік қолдау шараларына деген сенімін күшейте түсті.

Мобильдік топтың жұмысы барысында жиі көтерілетін сұрақтың қатарында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар, денсаулыққа байланысты сұрақтар, жұмысқа орналасу, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу және балаларға қатысты құқықтық мәселелер бар. Мұндай өтініштердің әрқайсысы әлеуметтік қызметкерлер тарапынан мұқият зерделеніп, орындалу барысы бойынша тұрғындарға тұрақты түрде ақпарат беріліп отырды.

Халықпен тікелей байланыс орнатып, мәселесін  жедел шешу – мобильдік топтың басты мақсаты. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге өз үлесін қоса бермек.

Азат АЙТБАЕВА,
«Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
ММ «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры

 

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.