Талдықорған: -0°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Бір күй бар домбырамда тартылмаған»

20.12.2025
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
«Бір күй бар домбырамда тартылмаған»
WhatsAppTelegramFacebook

Ол екінің бірі келіп жатқан елуді еңсере алмады. Қырықтың сегізіне жеттім бе дегенде домбырасының шегі үзілді, ата-анасы, отбасы үшін қайғы пердесі тұмшаланды. Дауылпаз ақын Қасымның әйгілі өлеңінде өрнектелгендей домбырада тартылмаған күйі қалды, көкейінде айтылмаған сыры қалды…

Ықылас Құттыбеков 1975 жылы 16 желтоқсанда Сарқан ауданының Абай ауылында дүниеге келді. Әкесі Болатбек пен анасы Бисараның шаңырағын шаттыққа бөлеген Ықыласты әжесі бауырына басыпты. Анасынан қам сүт емген сүйкімді сәбиді құндақтап, бесікке бөлеп, айналаға көз тоқтатып қарағаннан кейін-ақ аулаға алып шығады екен. Қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқанын бүкіл ауыл болып қызықтапты.

Болатбек ағамыздың жұмыстан кейінгі ермегі – қара домбыра. Күмбірлетіп күй шертіп, әсем әуенге салғаны бала Ықыластың көкейіне жастай ұялап, ес білгеннен домбыраға үйір болды. Ықыластан кейін дүние есігін ашқан Ақжан, Дана есімді қос қарлығашпен Құттыбековтар отбасы ажарлана түсті. Домбырадан ажырамай өнерге құштар болып өскен тұңғышын әкесі Алматы қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектепке беруге шешім қабылдайды.

– Алматыға аттанарда жеті жасар жеткіншегін қимай шешем жылап қалып еді. Араға жылдар салып азамат болып, немере сүйгізіп, жолымды жалғастырып, атымды шығарып, төбемді көкке жеткізген тұңғышымнан айналдырған ауру ажыратқанда не болғанымды білмедім. Қара түнек құрсауында қалдым. Содан бері ұлымның үні, әні әлі құлағымнан кетпейді. Қимастық қиындығын сезініп, сағыныштың сары шекпенін жамылып келемін, – дейді сексенге иек артқан Болатбек ағамыз. Перзентінің қайғысы жан дүниесіне күйік болып жабысқан Бисара ананың қамыққанын көру қиын, әрине…

Ғұмыр деген бір ұзақ күй болады,
Бар ғой менің сатып алған домбырам.
Перне сайын өрмелесем жоғары,
Егіз ішек бола алады жол бұған.

Жылдар – перне; саусақтарым сабылып…
Әр пернеден бір-бір арман жонады.
Бір пернені бассам кейде жаңылып,
Одан әрі тартқым келмей қалады, – деп жазған еді айтулы ақын Жұмекен Нәжімеденов. Әр пернеден арманын іздеген талантты күйші, жүрекке жылы тиетін әсем әндердің авторы ретінде жерлестерінің есінде қалған әнші-композитор, білікті ұйымдастырушы Ықылас Болатбекұлы, өкінішке қарай, бүгін біздің арамызда жоқ.
Көзім жетті ғұмырдың жалғанына,
Өлім күлді мәз болып алғанына.
Көрген түстей өмірден көштің, бауырым,
Іліндің де аурудың қармағына.

Үрей қамап жан-жақтан күбірледі,
Ата-анаңның қайғыдан бүгілгені.
Үш-төрт апта төсекке таңып қойған,
Әлсіз жібі үміттің үзілгені.

Айықпас дерт сынады шыдамыңды,
Жанарыңнан жас емес мұң ағылды.
Жоқтап сені жар даусы құмығады,
Сақтай алмай қалдым деп сыңарымды.

Қысқа ғұмыр… тағдырың тұсап қалды,
Үгітіліп ірі арман ұсақталды.
Енді, міне, туған жер топырағы,
Өнер тұнған кеудеңді құшаққа алды.

Алды ажал қайырымсыз, сұсы басым,
Қайда қашып жазмыштан құтыласың.
Ұл-қызың бар, көктейді бұтақтарың,
Қош бол, інім, бақұл бол, Ықыласым!
Бұл қоштасу жыр 2023 жылдың ақпанында жазылып еді.

Талант жалқы болмайды. Ықыласты жерлестері алдымен күйші ретінде таныды. Мен осынау өнерлі бозбаланы 1997 жылы Сарқан аудандық Мәдениет үйінің сахнасынан көрдім. Ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып алтын арқау, жібек желісін үзбей ұлтпен бірге келе жатқан ұлық өнерді қастерлейтіні көрініп тұр. Күйшілік дәстүрді жалғастырып жүрген жас жігіт туралы мағлұматқа қанықтым. Ахмет Жұбанов мектебінің түлегі екен. Одан кейін арнаулы оқу орнын бітіріпті. Жігер мен шабыттың, тәуекел мен арманның, қайрат пен ақылдың тұнбасы болған өнерден өзін іздеп жүріпті.

Бірер жылдан кейін Ықылас Шымкент мәдениет институтын тамамдап, жоғары білім алды. Астанада, Алматыда өз саласы бойынша қызмет атқарды. Астанада жүріп үйленді, Ақмарал келін екеуі Сарқанға оралып, ата-анасының қолын ұзартты. Бірінен кейін бірі дүниеге келген төрт бала өсіп-өнді. Ықылас қайтқанда үлкені Пейіл жоғары сыныпта, кенжесі Санжар бала-бақшада жүрген-ді.

Алматыдан туған жеріне оралған Ықылас Болатбекұлы Сарқан қаласындағы Балалар шығармашылық үйіне қызметке қабылданды. Бұл кезде оның ән өнеріне қызығушылығы ересен еді. Балаларды өнерге баулып жүріп, өзін де кемелдендірді. Сол жылдары арнайы үйге келіп, бірер әніне сөз жаздырып алғаны бар.

Көп ұзамай аудан басшылығы өнердің өз өкілі болып қалыптасқан азаматты аудандық Мәдениет үйінің директоры лауазымына тағайындады. Оның шығармашылық қыры осы қызметте жүргенде кеңінен ашылды. Өнерлі жастарды сахнаға алып келді. Ізбасарларына қамқорлық танытты. Бұған дейін көргенін, білгенін, оқығанын, тоқығанын аудан мәдениетін кемелдендіруге жұмсады. Мәдениет үйі Ықыластың кезінде күрделі жөндеуден өтті. Кешегі сүреңсіздеу ғимарат адам танымастай өзгерді. Сыртқы келбеті ғана емес, ішкі мазмұны да айшықтанды. Тақырыптық кештер бір-бірінен өзгеше реңкте өтетін болды. Өзі де, ұжымы да салалық, мемлекеттік марапатқа ие болды. «Мәдениет саласының үздігі» атанды. Осы қызметте жүргенде шығармашылығын шыңдап, ана туралы, Алдияр батыр туралы менің өлеңдеріме ән жазып, мерекелік шараларда орындап жүрді.

Ән құдіретіне ерекше ден қоятын оның жан сарайы сұлу еді, өнермен үндестігі айқын сезіліп тұратын. Күннің шұғылалы шапағына, айдың жұмсақ нұрына таңырқаған жандар сол сұлулықтың сырын ашуға ұмтылмай ма?

Содан барып ән туады. Жүректі қозғаған сағыныш пен күйініштен өлең жолдары тізіледі. Әнші біткен әдемі әуен, әуезді сөзді түйсініп, домбыраны қолға алады. Тамағын кенеп, ұшатын қырандай қомданады. Ықыластың өнер жолы осындай таңдану, тамашалау, тебіренуден барып, он ойлантып, тоғыз толғантып басталғаны ақиқат.

Әкесіне тартып туған ұлдың ешкім тәптіштеп үйретпей-ақ домбыраға құштар болғанын жоғарыда айттық. Музыкалық білім алып жүріп гармонь ойнайтын болды. Сазды, үрмелі аспаптардың бәрінде де өзін байқап көрді. Көптеген аспаптың тілін де тапты. Бойға біткен өнерінің арнасын кеңейтті. Алыс-алыс өзен-көлдерге жол тартатын бұлақтардай ізденісін ілгерілетті. Ұясынан қанат қағып ұшып, қалаған шыңға қонатын қырандай құлашын кеңге сермегісі келді. Әйтеуір өнерден ерекше бір серпіліс күтіп, албырт көңілмен іштей арпалысты. Сондықтан іштегі толғанысын бөлісу үшін жиі дидарласып, кеңесіп жүргені күні кешегідей есімде.

Қысқа ғана ғұмырының соңғы жылдарында Ықылас Болатбекұлы Сарқан гуманитарлық колледжінде ұстаздық етті, ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі болды. Данышпан Абай «Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, тыңдағанда көңілдің өсері бар» дейді. Күйдің тілі – қазақтың тілі. Екеуі егіз ұғым. Ол білімгерлерге күйдің тілі мен мазмұнын ұғындыруға ұмтылды. Күйді жаттап алып тартқаннан гөрі, күйді тым қуалап, жылдамдықпен тартқаннан гөрі жан дүниеңмен сезініп тартудың әлдеқайда артық екенін өзінің әсем де жүйелі тартысымен түсіндіре білетін. Сондықтан да бұл оқу орнынан шебер орындаушылар шықты, дәулескер күйші – домбырашылар шықты. Өнер жарыстарында колледж білімгерлерінің бәсі биік болып, өздерінің де, ұстаздарының да мерейін өсірді.

Дөңгеленіп келеді өмір шіркін,
Өкінішті ой көбейді дүркін-дүркін.
Қаласың-ау жарқырап қайран дүние,
Көз жұмылып, тіл тоқтап қалса бір күн, – деп өмірмен қош айтысқан өнер адамының соңында қалған мұрасын әріптестерінің жаңғыртып, еске алу шараларын өткізеріне сенгіміз келеді. Өнер дегеніміз өміршең ғой…

Жомарт ИГІМАН
Сарқан қаласы

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.