Талдықорған: +15°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алға жылжыған Алдабергенов

23.12.2025
КҮНДЕРЕК
Алға жылжыған Алдабергенов
WhatsAppTelegramFacebook

Жері дарқан, еңбегімен елге мәшһүр бұл өңір – аты аңызға айналған Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтің есімімен аталатын ауыл. Ал осы елді мекеннің тумасы Жалғас Садырбаев 2019 жылы әкім болып тағайындалып, 2023 жылы тұрғындар сенімімен қайта сайланды.

Жуырда ол Астанада өткен ауыл әкімдерінің республикалық диалог платформасына қатысып, елдік мәселелерді талқылаған маңызды алаңнан оралды. Әңгіме барысында біз платформада көтерілген түйінді тақырыптарды ғана емес, Алдабергенов ауылындағы қазіргі жұмыстар мен шешімін күткен мәселелер жөнінде кеңінен сөз қозғадық.
Жалғас Бақытұлының айтуынша, елордада алғаш рет ұйымдастырылған бұл басқосу – мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа кезеңнің бастауы.

– Бұған дейін ауыл әкімдері өз пікірін көбіне әкімшілік деңгейде ғана жеткізіп келсе, енді олардың ұсыныстары елдік деңгейде талқыланатын болды. Бұл – ауыл мәселелерін естіп қана қою емес, нақты шешім қабылдаудың жаңа форматы, – дейді ол.

Президент жиында: «Ауыл – мемлекеттіліктің бастауы, ұлттық болмыстың тамыры. Ауыл дамымай, ел дамымайды», – деп ауылды дамыту бағытындағы саясаттың маңызын атап өтті. Басқосуда жайылым тапшылығы, ауыл шаруашылығы техникасының жетіспеуі, жергілікті өкілеттіктің тарлығы, төтенше жағдайларда әрекет етудегі баяулық, бюджет мүмкіндіктерінің шектеулілігі сияқты маңызды мәселелер кеңінен қозғалды.

Сол күні қабылданған нақты өзгерістердің бірі – әр ауылдық округке қажетті техниканы өз бетінше сатып алуға рұқсат берілуі. Бұрын бұл процедура бірнеше деңгейден өтіп, айлап созылатын. Енді шешім ауыл ішінде қабылданып, жұмыс қарқыны жеделдейді. Бұл – ауыл әкімдеріне артылған жаңа сенім және үлкен жауапкершілік.

Әкімнің айтуынша, жергілікті ресурсты тиімді пайдалану – ауылды алға бастырудың негізгі жолы.

Бүгінде округке қарасты үш ауылдың барлығы ауызсу және газбен толық қамтылған. Бұл – бір сөйлемге сыйғанымен бірнеше жылдық еңбектің, жоспарлаудың, келіссөздер мен қаржыландыруды іздеудің нәтижесі.

– Жаңалық ауылында ауызсу бойынша мәселе болған еді. Қазір арнайы смета әзірленіп, қаражат бөлінді. Келер көктемде толық жаңарту жұмыстары басталады, – дейді Жалғас Садырбаев.

Көшелердің асфальтталуы да жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр. Бұған дейін 12 көше асфальтталып, алдағы жылы тағы 3 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Сонымен қатар балшыққа айналып, жүріп-тұруды қиындататын көшелердің 100 пайызына құмтас төселіп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалды.

Ауылдың көркеюіне жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының қосып отырған үлесі айрықша. Әкім атап өткен демеушілер қатарында С. Жуанышбеков, К. Мұхаметжанов, Н. Талдыбаев, Р. Пак, Б. Қыдырбаев, Л. Жанатова, К. Қыдырбаев, А. Сейт, А. Имағанбетов, Б. Копбаев, сондай-ақ «Pharmaland» ЖШС бар. Ал ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге «Zhetysu roads» ЖШС төрағасы А. Ошақбаев елеулі қолдау көрсеткен.

Округ бойынша көшелердің 85-90 пайызына жарық шамдары орнатылып, ауылдың қауіпсіздігі мен тұрғындар жайлылығы айтарлықтай артқан. Қазіргі уақытта округте 3 мектеп, колледж, музей, аурухана жұмыс істеп тұр. Бұл – әлеуметтік инфрақұрылымның толыққанды қызмет етіп жатқанын көрсетеді. Ауылда 4890 тұрғын бар, оның ішінде 147 көпбалалы отбасы тұрады.

Жетісудың аграрлық әлеуеті жоғары аумақтарының бірі саналатын бұл өңірде 320 шаруашылық тіркелген. Олардың басым бөлігі ауыл экономикасының негізгі тірегіне айналған. Жалпы 4090 гектар алқапта қызылша, жүгері, соя, картоп және күнбағыс өсіріледі.

Диалог платформасы әкімдердің рөлін түбегейлі қайта қарауға себеп болды. Бұрын әкім көбіне әкімшілік жұмыстармен шектелсе, қазір оған стратег болу, менеджмент жүргізу, бастамашыл лидер болу, қоғаммен байланыс орнату сияқты жаңа талаптар қойылып отыр.

– Ауылға өзгеріс әкелу үшін сенім керек. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан өкілеттіктер – сол сенімнің көрінісі. Біз соны ақтауға тиіспіз, – дейді Жалғас Бақытұлы.

Бүгінгі Алдабергенов – ілгерілеуге бағытталған тың өзгерістердің басы ғана. Әр жоба, әр реформа – ауылдың ғана емес, елдің болашағына салынған инвестиция. Өйткені елдің ең берік тірегі – ауыл.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.