Талдықорған: +18°C
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда өнім көлемі 90 млрд. теңгеге жетті

23.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда өнім көлемі 90 млрд. теңгеге жетті

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Жер жаннаты Жетісу ауылшаруашылық саласында мол өнім өндіретін аймақтың бірі. Шаншысаң шыбық өнетін жерден өнім алып, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген шаруалар еңбегі ерен. Ауыл шаруашылығындағы кешенді бастамалар мен етжеңді жұмыстар ауылды да, мұндағы ағайынның шаруасын да дөңгелетуге мүмкіндік берді. Осылайша дала төсін емген диқанның да, дала еңбеккерінің де еңбегі еш кетпейтін жағдайға жетті. Ала жаздай ел ырыздығы мен несібесін жинаған шаруа құрметсіз қалмайды. Бүгін ауыл шаруашылығына байланған дала еңбеккерлерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құрмет төріне шығарды.

І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген еңбек адамдары даярлаған көрмесін тамашалап болған соң мінберге көтеріліп жетекші саладағы оңтайлы істерді саралады. Бейбіт Өксікбайұлының айтуынша, биыл агросубъектілерді қолдауға мемлекет тарапынан 61,2 млрд. теңге қаражат бөлініп, оның 25,2 млрд. теңгесі субсидия, 24 млрд. теңге жеңілдетілген кредиттерге, «Ауыл аманаты» және лизингтік бағдарламаларға бағыттылған. Осы жылы облыс диханшыларының қажырлы еңбектерінің арқасында 2 млн.тонна ауыл шаруашылық дақылдары жиналды. Ал, қант қызылшасы, дәндік жүгері, майбұршақ дақылдардың өндірісі бойынша облыс республикада алдыңғы қатардан көрінді.

Жұмабай Мұсабеков

Жыл басынан агроөнеркәсіп саласына 25,3 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылып, 5 инвестициялық жоба іске қосылды. Облыс басшысы егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында соңғы үш жылда қант қызылшасының егіс алаңы 3 есеге артқанын айтты. Биыл қант қызылшасы 12,2 мың гектарға себіліп, 491 мың тонна тәтті өнім алынған. Облыстағы екі қант зауыты биыл 87 мың тонна қант өндіруді жоспарлауда.

– Қан қызылшасының егіс көлемі артқандықтан, 2026-2027 жылдары Көксу қант зауытының қуаттылығы 250 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін кеңейтіледі. Бұл өз кезегінде қант қызылшасы алқаптарын ұлғайтуға және қабылдау қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Майлы дақылдарды қайта өңдейтін «Агрокомплекс Жетісу Мажико» зауыты қайта іске қосылғанының нәтижесінде облыста күнбағыстың егіс алқаптары 2 есе ұлғайтылды. Алдағы уақытта, Үштөбе қаласында дәнді және майлы дақылдарды қайта өңдейтін үлкен өндірісті іске қосу жоспарлануда.

Президент биыл Форумда мал шаруашылығының әлеуетін толық көлемде пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударды. Осы орайда, өңірде 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығы саласын тұрақты дамытудың кешенді жоспары әзірленуде. Басты бағыттардың ішінде субсидиялаудың 12 жаңа түрі енгізілмек, – деді аймақ басшысы.

Мерекелік жиында облыс әкімі Бейбіт Исабаев ауылдықтарды қолдауға бағытталған кешенді бастамаларға да тоқталды. Аймақ басшысы бұл бағдарламаның негізінде ауыл тұрғындары жеңілдікпен несиеге қол жеткізіп, айтулы салада еңбек етуіне мол мүмкіндік екенін жеткізді. Әсіресе,  облыста 2026 жылға мал шаруашылығына бағытталатын субсидия көлемі 2 есе ұлғайтылып, 8,5 млрд. теңгеге жеткізілгенін атап өтті.  Биыл облыста төрт түлік малдың саны 2,6 млн. басқа жетіп, ет және сүт өндірісі 3,8 пайызға ұлғайды.

– Ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру мақсатында 2023-2025 жылдары облыста 67 ветеринариялық пункт салынды. Арнайы автокөліктер, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Ветеринарлардың жалақысы 2 есе өсіп, нәтижесінде қолайсыз ошақтардың шығу фактісі 92%-ға төмендеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады және ветеринариялық пункттерге деген қажеттілік биыл толығымен жабылады.  Облыста, су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес 11 су нысанның құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 3,2 мың гектар жаңа суармалы жерлер қолданысқа енгізіліп, 30,7 мың гектар жерлерге суару жақсартылатын болады. Бұл ретте, су үнемдеу технологияларын енгізудің тиімділігі жоғары. Біріншіден шыққан шығынның 50 пайызы мемлекет тарапынан қайтарылады, екіншіден пайдаланған суармалы су құнының 60 пайызы субсидияланады, үшіншіден гектар өнімділігін екі есе арттыруға мүмкіндік береді, – деді облыс басшысы.

Жұмабай Мұсабеков

Құттықтау сөзден соң облыс көлемінде озық тәжірибе, үздік өнімділік көрсеткен шаруалар марапатталды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, «Еңбек ардагері» медалі және «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісі табысталды. Мұнан соң түрлі аталым бойынша үздік танылғандарға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар берілді.

Асқар ЖОЛТАБАРОВ,  «ЛЯЗЗАТ-2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы:

– Еңбектің еленгені жақсы. Аймақ басшысы қолдап, істеген тірлігімізді ескеріп жатыр. Мұндай қолдау қанаттандырады. Биыл біз біраз өнім түрлерін қосып, халықтың игілігіне жұмыс істеп жатырмыз. Осындай құрметтен соң жұмыс нәтижесі бұдан да жақсы көрсеткішке жетері анық.  

«Облыстың үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері» аталымы бойынша Ескелді ауданындағы «Ескелді» өндірістік кооперативінің басшысы Серік Сарыевке III дәрежелі дипломмен және 800 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. Ал «Жаркент Агро Инвест» ЖШС-нің басшысы Әділқан Джапаркулов II дәрежелі дипломмен және 1 млн. теңгелік сертификатқа қол жеткізсе, I дәрежелі дипломмен және Трактормен алакөлдік «Сельский механизатор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Дарын Нағашбекұлы марапатталды. Шаруа қожалықтар сапынан облыс бойынша Кербұлақ ауданынан «Самат», Ақсу ауданынан «Құралай», көксулық «Жалайыр» шаруа қожалықтары үздік деп танылып, қаржылай сертификаттар табысталса, аталмыш санат бойынша «Ерен Тау» шаруа қожалығы көш бастап, аталмыш құрылымның басшысына жаңа трактор тарту етілді.

Ескендір ЖАЙЛЫҒҰЛОВ, «Жалайыр» шаруа қожалығының басшысы:

– Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аз еңбегімізді ескеріп, марапаттауы еселі еңбек етуімізге себепкер болмақ. Халқымызда «Сыйлық қымбат емес, сүйіну қымбат» деген нақыл бар. Бүгін осы қасиетті сөзді әрбір шаруа ерекше сезінді десем артық айтқандық болмас. Ала жаздай маңдай терімізді төгіп, қасиетті қара жерден мол өнім алу үшін бір тынбай еңбек еттік. Еңбек ақталды. Ең бастысы – еліміз аман, деніміз сау, қамба толы болсын!

Өңдеу кәсіпорындары арасында «ЛЯЗЗАТ – 2016» ЖШС көш бастап, басшысы Асқар Жолтабаров I дәрежелі дипломмен және 700 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. II орынды «PCD Group» ЖШС және III орынды «Баделхан» жеке кәсіпкері иеленіп, сәйкесінше 500 және 400 мың теңге қаржылай сыйлық берілді. Марапаттау рәсімінен соң сала майталмандары мерекелік концерт тамашалады.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев Сарқан ауданының тұрғындарымен кездеседі

Бейбіт Исабаев Сарқан ауданының тұрғындарымен кездеседі

10.04.2026
Жетісу облысының биылғы құрылыс бюджеті 59,6 млрд теңгені құрады

Жетісу облысының биылғы құрылыс бюджеті 59,6 млрд теңгені құрады

10.04.2026
Қазақстанның ең бай әйелдері анықталды: Forbes рейтингі жарияланды

Қазақстанның ең бай әйелдері анықталды: Forbes рейтингі жарияланды

10.04.2026
Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

10.04.2026
Дамир Қожахметов Көлік вице-министрі болып тағайындалды

Дамир Қожахметов Көлік вице-министрі болып тағайындалды

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.