Талдықорған: +22°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жастар сыйлығы табысталды

24.12.2025
КҮНДЕРЕК
Жастар сыйлығы табысталды
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданында ел ертеңін еңселі етуді мақсат тұтқан, қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген жалынды жастарға құрмет көрсетілген тағылымды жиын өтті. Аудан әкімінің дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Көшбасшы – 2025» жастар сыйлығы табысталып, түрлі салада табандылығымен, еңбегімен көзге түскен жас буынның мерейі үстем болды. Бұл шара – жастардың әлеуетіне деген сенімнің, олардың қоғамдағы рөлін айқындайтын нақты қолдаудың көрінісі.

Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі, «Koksu jastary» филиалы және аудандық Мәдениет үйінің бірлескен бастамасымен ұйытқы болған игі жоба ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп қана қоймай, мәдени-рухани кеңістікті байытуға үлес қосып жүрген жастарды қолдауды көздейді. Осындай мақсаттағы байқаулар жас буынды жігерлендіріп, олардың тың бастамаларына жол ашатыны анық.

Сайысқа 14 пен 35 жас аралығындағы белсенді өрендер қатысып, өздерінің білімін, білігін және қоғамдық жауапкершілігін дәлелдеді. Үміткерлер қатарында мектеп оқушылары мен студенттер, колледж және жоғары оқу орындарының білім алушылары, волонтерлер, ұстаздар, жас ғалымдар, мәдениет пен спорт саласының өкілдері, медицина қызметкерлері, кәсіпкерлер мен журналистер бар. Олар «Үздік жас жұмысшы маман», «Үздік жас қоғам белсендісі», «Үздік жас спортшы», «Үздік студент», «Үздік мектеп оқушысы», «Үздік жас журналист», «Ауыл шаруашылығы саласының үздік жас көшбасшысы» сынды номинациялар бойынша марапатталып, еңбектеріне лайықты баға алды.

Іріктеу барысында белгілі бір салада нақты нәтижеге қол жеткізген, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі байқауларда топ жарған, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген жастарға басымдық берілді. Білімділігімен, креативті ойлауымен, бастамашылдығымен дараланған талапкерлердің еңбегі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Шара барысында марапат иелері де өз ой-пікірлерін білдірді. «Үздік жас жұмысшы маман» номинациясының жеңімпазы Айтжан Қапиев техникалық қауіпсіздік саласында еңбек етіп, тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуге үлес қосып жүргенін атап өтті. Сонымен қатар, ол шығармашылыққа жақын екенін, фотосурет түсірумен айналысатынын да жасырмады. Ал аудан әкімінің баспасөз хатшысы Аружан Жақып «Үздік жас журналист» атанып, бұл байқауға алғаш рет қатысқанын айтып, еңбегін бағалаған аудан басшылығына алғысын жеткізді.

Өз кезегінде «Koksu jastary» филиалының жетекшісі Абылайхан Сайланбай байқаудың аудан көлемінде екінші рет ұйымдастырылып отырғанын, биыл 26 өтінім түскенін атап өтті. Соның ішінен үздіктер іріктеліп, лайықты марапатталғанын тілге тиек етті.

Іріктеу барысында белгілі бір салада жетістікке жетіп, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі байқауларда топ жарған, қоғамдық өмірге белсенді араласып, көпшіліктің алғысына бөленген жастарға басымдық берілді.

Жастарға көрсетілген мұндай қолдау – олардың жаңа биіктерді бағындыруына серпін беріп, жауапкершілігін арттыра түсетіні сөзсіз.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы заңсыз иеленген жерлер мемлекетке қайтарылды

Балқаш жағалауындағы заңсыз иеленген жерлер мемлекетке қайтарылды

04.05.2026
Жетісуда 300 шақырымнан астам суару каналы жөнделуде

Жетісуда 300 шақырымнан астам суару каналы жөнделуде

04.05.2026
Дәрігер даярлаудың жаңа жүйесі: ДСМ реформаның мәнін түсіндірді

Дәрігер даярлаудың жаңа жүйесі: ДСМ реформаның мәнін түсіндірді

04.05.2026
Мобильді аударымдар: Мамыр айынан бастап кімдерге ескерту келеді?

Мобильді аударымдар: Мамыр айынан бастап кімдерге ескерту келеді?

04.05.2026
Елімізде науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдейді

Елімізде науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдейді

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.