2025 жыл еліміз үшін ауқымды өзгерістер мен маңызды жетістіктер жылы болды. Тұрғын үй құрылысынан бастап, цифрландыруға дейінгі негізгі салаларда айтарлықтай өсім тіркелді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Үкіметтің жылдық есебіне сілтеме жасап.
Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша елімізде 16,9 млн. м² тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 19,1 млн. м² жетеді деп күтілуде. Бұл мыңдаған қазақстандық отбасының қоныс тойын тойлауына мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, жол инфрақұрылымына да ерекше көңіл бөлінді:
-
13 мың шақырым жол салынып, жөндеуден өтті.
-
Жүк тасымалдау көлемі 9,6%–ға артты.
-
Халықтың 90%–ы сапалы интернетпен қамтылды (Starlink спуттік жүйесін қосқанда).
Әлеуметтік нысандардың құрылысы да толастаған жоқ. Биыл 130 жаңа мектеп ашылып, 220 мың жаңа оқушы орны құрылды. Бұл 100–ден астам мектептегі орын тапшылығын жоюға септігін тигізді.
Денсаулық сақтау саласында:
-
219 жаңа нысан (амбулаториялар мен медициналық пункттер) пайдалануға берілді.
-
Дәрігер тапшылығы 19%–ға қысқарды.
Ел экономикасы 6,4%–ға өсіп, тұрақты даму жолына түсті. Мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау мақсатында:
-
5,9 трлн. теңге зейнетақы мен жәрдемақы төленді.
-
4,6 млн. азамат мемлекеттік көмек алды.
-
2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы тағы 10%–ға өседі.
Биыл 33 жаңа зауыт іске қосылып, 150 кәсіпорын жаңғыртылды. Енді «Қазақстанда жасалған» брендімен отандық теледидарлар мен автокөліктер шығарылуда.
Ауыл шаруашылығында диқандар рекордтық 27,1 млн. тонна астық жинап, елдің азық–түлік қауіпсіздігін нығайтты. Экология саласында «Таза Қазақстан» бастамасымен бір жылда 335,6 млн. ағаш отырғызылды.
Қуатты экономика – болашақ ұрпақ үшін таза ауа, заманауи мектептер мен жайлы баспананың кепілі.





