Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Еңбек адамының еңсесі биік

Мемлекет басшысы биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеруге, кадрлар даярлау ісін жақсартуға үлкен септігін тигізді. Әсіресе, өңірде бұл бағытта бірқатар игі бастама қолға алынып, өз нәтижесін беруде. Облыстағы колледждерде жаңа мамандықтар ашылып, материалдық-техникалық базалары нығайтылды. Нәтижесінде қоғамда еңбек адамына деген құрмет артты.

27 желтоқсан 2025
КҮЛТӨБЕ

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ ерекше құрмет көрсетті. Өз ісіне адалдық пен кәсіби шеберлік танытқан еңбек адамдары мемлекеттік наградаларға ие болды. Олар үшін бұл – еңбектің еленуі ғана емес, жұмыстарына тың серпін беретін қуанышты сәт.

– Жерлестеріміздің адал еңбегі, табандылығы мен жауапкершілігінің нәтижесінде ел экономикасы дамып, әлеуметтік сала жетілдірілуде. Жалпы, биыл облысымыз жылды жақсы нәтижемен аяқтап отыр. Негізгі көрсеткіштер бойынша үздіктер қатарынан көріндік. Осы жетістіктерімізде түрлі салада еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандардың еңбегі зор. Соның ішінде бүгін арнайы келіп отырған коммуналдық салада, өнеркәсіпте, энергетика секторында жемісті еңбек етіп келе жатқан өздеріңіздің де үлестеріңіз бар. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – Мемлекет басшысы алдымызға қойған негізгі міндеттің бірі. Осы орайда сіздер тұрғындарды сапалы ауызсумен, электр жарығымен қамтамасыз етуге, отандық өнім шығару ісіне күнделікті жұмыстарыңызбен белсене атсалысып, кәсібилік танытып келесіздер, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда еңбек культін орнықтыру, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру саясаты облыста жүйелі жүргізіліп отырғанын атап, мемлекеттік наградаларды табыстады.

ҚР Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен «Көксу жылу-су сервис» кәсіпорнының слесарі Серік Шыныбеков марапатталды. «Ақсу қант» ЖШС жөндеу-дәнекерлеу шеберханасының шебері Тоғанжан Берқұманов пен «Қаратал таза су» кәсіпорнының шебері Руслан Байгенжінов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін иеленді. «Басқан Пауэер» ЖШС-нің слесарь-механигі Сейітқазы Төлепбергенов «Ерен еңбегі үшін» медалін кеудесіне тақты. Елорда төрінде өткен «Жұмысшы мамандықтары жылын» қорытындылау форумында «Темірбетон» ЖШС-нің қалыптаушысы Мұрат Нүкебаев «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.

Жалпы, осы жылы Президент Жарлығымен 1300-ге жуық жұмысшы мамандықтар өкілі мемлекеттік марапатқа ие болды. Осының барлығы еселі еңбекті қадірлеуге бағытталған жемісті жұмыстың нәтижесі. «Жұмысшы мамандықтары жылы» біздің қоғам еңбекті ерекше қадірлейтінін көрсетті. Халық арасында елге нақты пайда әкелетін адамдар құрметті, сыйлы екенін байқатты. Кәсіби мамандарды дәріптеу алдағы уақытта да үздіксіз жалғаса бермек.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.