Талдықорған: +16°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже

Жетісу өңірінде білім беру саласын дамыту бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жол ашқан нақты мүмкіндік. Соңғы жылдары салынған жаңа мектептер мен күрделі жөндеуден өткен оқу ғимараттары соның айқын дәлелі. Бір сөзбен айтқанда, жүзеге асырылған жұмыс та, істелген іс те аз емес.

27.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже
WhatsAppTelegramFacebook

Облыста білім беру жүйесі тұрақты даму үстінде. Қазіргі таңда өңір аумағында 314 мектеп жұмыс істеп, онда 129 268 оқушы білім алуда.
Білім сапасын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – «Алтын белгі» иегерлері. Өткен жылы 462 түлек осы жоғары марапатқа ие болып, өңір абыройын асқақтатты. Ал биыл «Алтын белгіге» үміткерлер саны 518-ге жетіп отыр.

Білім саласының басты тірегі – ұстаздар қауымы. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мекемелерде 15 422 педагог еңбек етуде. Олардың 45-і «педагог-шебер», 2 675-і «педагог-зерттеуші», ал 3 945 мұғалім «педагог-сарапшы» санатына жатады. Бұл – педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және сапалы білім беруге айрықша көңіл бөлініп отырғанының нақты көрінісі.

Биыл облыс көлемінде 1020 орынға арналған үш жаңа мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Алакөл ауданының Достық ауылында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 600 орынды мектеп, Панфилов ауданының Талды (Лесновка) ауылында 300 орынды білім ошағы және Ақсу ауданының Көлтабан ауылында шағын орталығы бар 120 орынды мектеп ел игілігіне ұсынылды. Бұл нысандар ауылдық жерлердегі білім сапасын арттырып, оқушылардың жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуына мүмкіндік беріп отыр.

Алдағы жылға жоспарланған жұмыстар да ауқымды. 2026 жылы ауыспалы жоба ретінде Кербұлақ ауданының Көксай ауылында, Панфилов ауданының Сүптай ауылында, сондай-ақ Текелі және Талдықорған қалаларында жалпы 680 орынды төрт мектептің құрылысы жалғасын табады. Бұл өз кезегінде өңірдегі мектеп тапшылығын азайтып, білім беру инфрақұрылымын одан әрі нығайта түспек.

Ауыл мен қала мектептері арасындағы негізгі айырмашылықтардың бірі – интернет сапасы мен қолжетімділігі еді. Бұл мәселе де кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Қазіргі таңда облыстағы 313 оқу орнының барлығы, яғни 100 пайызы интернет желісіне қосылған. Оның ішінде 254 мектеп ауылдық жерлерде, 59-ы қалаларда орналасқан. Білім беру ұйымдарының басым бөлігі жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланып отыр.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеру ісі де жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағытта ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бірлесе жұмыс атқаруда. Мәселен, Жаркент қаласындағы жаңа оқу орнында қызмет ететін 61 педагог онлайн-оқудан өтті. Курстар базалық деңгейдегі 11 пәнді қамтып, «Өрлеу» LMS цифрлық платформасы арқылы жүргізілді. Мұнда мұғалімдер өз пәні бойынша білімін жетілдіріп қана қоймай, тәжірибе алмасуға және сабақ беру әдістемесін жаңғыртуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, «ӨРКЕН» ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының ғылыми-практикалық негіздері» атты арнайы курс өткізілді. Аталған бағдарламаға қатысқан 60 мұғалім сертификат алып, мектептердегі психологиялық ахуалды жақсартуға өз үлестерін қосуда.

Облыс көлемінде инклюзивті білім беруді дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Биылғы оқу жылында 4 916 бала инклюзивті біліммен қамтылған. Оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 1 111, жалпы орта білім беретін мектептерде 3 726 оқушы, ал колледждерде 79 студент білім алуда. Сонымен қатар, 845 бала үйден оқытылуда.

Жалпы алғанда, сан мен сапа қатар өрілген бұл көрсеткіштер Жетісу өңіріндегі білім беру саласының әлеуеті жоғары екенін айқын көрсетеді. Алдағы жылдары да атқарылар жұмыстар мен қолға алынған жобалар жаңа жетістіктерге жол ашары сөзсіз.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

09.04.2026
Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

09.04.2026
Бір қысқа шыдамаған асфальт: Талдықорғандағы Шахворостов көшесінің бүгінгі жағдайы (ВИДЕО)

Бір қысқа шыдамаған асфальт: Талдықорғандағы Шахворостов көшесінің бүгінгі жағдайы (ВИДЕО)

09.04.2026
Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

09.04.2026
Бокс: Қос бұрымды топ жарды

Бокс: Қос бұрымды топ жарды

09.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.