Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде кадрлық өзгеріс болды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ақорда таратқан ресми мәліметке сәйкес, Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Мария Хаджиева бұл қызметке 2019 жылдың соңында тағайындалған болатын. Ол агенттіктегі жұмыс барысында еліміздің сақтандыру нарығын дамыту, бағалы қағаздар нарығын реттеу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелеріне жетекшілік етті. Сонымен қатар қаржы секторын цифрландыру және жаңа заңнамалық нормаларды енгізу бағытында маңызды жұмыстар атқарды.





