Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облыстық департаменті мен облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, облыстық кәсіподақ орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, депутат Әсет Қыдырманов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыстық департаментінің мамандырымен кездесу өткізді.
Кездесуде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалар мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу тақырыбы қозғалды.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әдептілік стандарттарын сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау және мемлекеттік қызмет шеңберінде ықтимал бұзушылықтардың алдын алу. Ұжым ішінде де, азаматтармен өзара қарым-қатынаста да әдептік мінез-құлық мәселелеріне ерекше назар аударылады. Қызметтік міндеттерді сақтау мәселелеріне, құмар ойын мекемелеріне барудан тартыну, мүдделер қақтығысының алдын алу тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат айтылып, діни наным-сенімдерді насихаттауға жол бермеу бағыты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын арттырып қана қоймай, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілерді заңнамадағы және әдеп нормаларына енгізілген соңғы өзгерістер туралы үнемі хабардар ету үшін осындай іс-шараларды тұрақты өткізу қажет.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жетісу облыстық департаменті





