2026 жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өзгерді. Бұған ай сайынғы есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуі себеп болды. Айыппұл көлемі АЕК-ке тікелей байланысты болғандықтан, ақшалай санкциялар автоматты түрде артты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
АЕК деген не?
Ай сайынғы есептік көрсеткіш (АЕК) – мемлекет бекітетін қаржылық өлшем. Ол жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, салықтар және өзге де міндетті төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Сондықтан АЕК өссе, заң нормалары өзгермеген күннің өзінде, осы көрсеткішке байланған барлық айыппұл мөлшері ұлғаяды.
Айыппұлдар қалай өзгерді?
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, АЕК 4 325 теңгеге дейін өсті (2025 жылы – 3 932 теңге). Осыған байланысты бірқатар әкімшілік және қылмыстық айыппұлдар қымбаттады.
Қоғамдық орындарда боқауыз сөз айту
Бұрын қоғамдық жерде балағат сөз қолданғаны үшін ең төменгі айыппұл 20 АЕК, яғни 78 640 теңге болса, 2026 жылы бұл сома 86 500 теңгеге дейін өсті.
Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау
Саябақтар, скверлер және өзге де қоғамдық орындарды ластағаны үшін:
• алғаш рет бұзса – 10 АЕК: 2025 жылғы 39 320 теңгеден 2026 жылы 43 250 теңгеге дейін;
• бір жыл ішінде қайталап бұзса – 20 АЕК: 78 640 теңгеден 86 500 теңгеге дейін.
Алкоголь ішу немесе қоғамдық орынға мас күйінде келу
Бұл құқықбұзушылық үшін де айыппұл мөлшері артты:
• ең төменгі айыппұл – 19 660 теңгеден 21 625 теңгеге дейін (5 АЕК);
• бір жыл ішінде қайталап бұзса – 39 320 теңгеден 43 250 теңгеге дейін (10 АЕК).
Вандализм үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Айыппұл мөлшері де өсті:
• ең төменгі айыппұл – 432 500 теңгеден 865 000 теңгеге дейін (100–200 АЕК);
• ең жоғарысы – 2,1 млн. теңгеден 8,6 млн. теңгеге дейін (500–2 000 АЕК), ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда.
Егер вандализмді кәмелетке толмаған жасаса, ата-анасы немесе заңды өкілі ӘҚБтК аясында жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда айыппұл 58 980 теңгеден 64 875 теңгеге дейін өсті (15 АЕК).
Ұсақ бұзақылық
Ғимараттарды, құрылыстарды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі немесе өзге де қоғамдық мүлікті қорлағаны үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. 2025 жылы бұл сома 196 600 теңге болса, 2026 жылы 216 250 теңгеге жетті.





