Талдықорған: +20°C
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Олжас Бектенов: «Жекеменшік мектептерді артық субсидиялау тоқтатылуы тиіс»

06.01.2026
КҮЛТӨБЕ
Олжас Бектенов: «Жекеменшік мектептерді артық субсидиялау тоқтатылуы тиіс»

Үкіметтің баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының бағдарламалық сұхбатынан туындайтын міндеттерді орындау бойынша Үкімет отырысында бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Мемлекет басшысы атап өткендей, фискалдық саясатты қайта құру бақылау жасауға емес, серіктестік орнатуға баса мән бере отырып, жүргізілуге тиіс. Сол арқылы орын алған теңсіздіктерді теңдестіруіміз қажет. Сонымен қатар энергетика және коммуналдық сектордағы жұмыс тәсілін уақтылы және сапалы іске асыру қажеттігіне баса назар аударылды. Әділетті тарифтер – оны жүзеге асыруға бағытталған нақты қадам болып табылады. Мемлекет өз кезегінде, шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей қолдау көрсетеді, – дейді ол.

Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны нақты іске асыруға кірісуі керегін атап өтті.

Көлік-логистикалық тораптарды салу, теңіз порттарын, әуежайлар мен теміржол вокзалдарын жаңғырту бойынша міндеттер шешімін табуда. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар айқындалды. Көлік министрлігі, әкімдіктер мен компаниялар бекітілген іс-шараларды уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

Мемлекет басшысы егін шаруашылығындағы оң нәтижелерді атап өтіп, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі бір апта ішінде ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізсін.

Егіншілерді тікелей субсидиялау орнына жеңілдетілген несие беру тетігі өзінің тиімділігін көрсеткенін айта кету керек. Министрлік «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, осыған ұқсас ауыл шаруашылығын қолдау құралдарының аясын кеңейтуді жалғастыруға тиіс.

Президент атап өткендей, туризм саласы экономиканың бірнеше секторын қамтиды, сондықтан барлық тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын үйлестіру қажет. Бұл ретте, әр өңірде туризмді дамыту бағдарламалары бар.

Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге бір ай мерзімде нақты іс-шаралар жоспарын енгізе отырып, 2029 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасын толықтырып, түзетуі қажет. Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, туризм саласында кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдансын, – дейді ол.

Сирек жер металдары бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекске өзгерістер енгізілді, сондай-ақ жер қойнауын геологиялық зерттеуге қомақты қаражат бөлінуде.

Осыған байланысты Өнеркәсіп министрлігі квазимемлекеттік сектормен бірлесіп, белгіленген жоспарларды, оның ішінде шетелдік серіктестермен қол жеткізілген келісімдерді тез арада іске асыру жұмыстарын бастауға тиіс, – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі салалық Агенттікпен бірлесіп, атом энергетикасы саласындағы жобалар бойынша жұмыстарды бақылауда ұстасын.

Сұхбаттың ауқымды бөлігі әлеуметтік мәселелерге арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады. Сонымен қатар жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау қажеттігіне назар аударылды. Артық қаржыландыруды тоқтату қажет. Адал бәсекелестікте жұмыс істей алмаса бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтық кеңінен таралып кеткені бәріне мәлім, – дейді Бектенов.

Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде аталған мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Қатысты жаңалықтар

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

08.04.2026
Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

08.04.2026
Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы 12 жылға сотталды

Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы 12 жылға сотталды

08.04.2026
Ашық форматтағы кездесу: Жетісуда полиция жұмысы күшейді

Ашық форматтағы кездесу: Жетісуда полиция жұмысы күшейді

08.04.2026
Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілін қабылдады

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.