Талдықорған: +14°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісуда NEET санатындағы жастар саны екі есеге жуық азайды

08.01.2026
ӘЛЕУМЕТ
Жетісуда NEET санатындағы жастар саны екі есеге жуық азайды
WhatsAppTelegramFacebook

Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде облыстағы NEET және ауыл жастарын қолдауға бағытталған маңызды жобаның қорытындысы талқыланды. Кездесуде облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы орынбасары Ілияс Түстікбаев пен «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанат Төлемісова баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерге кеңінен тоқталды.

Спикерлердің айтуынша, «Жетісу облысында NEET және ауыл жастарымен жұмыс жөніндегі орталықтың қызметін ұйымдастыру» жобасы 2024 жылғы 28 мамыр мен 31 желтоқсан аралығында облыстық Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылған. Жоба «Jetisy jastary» мекемесінің қолдауымен іске асып, Талдықорған қаласындағы Қонаев көшесі, 47-үй, 102-кабинетте орналасқан орталық базасында жұмыс жүргізген.

Жоба аясында аталған орталық өңірдегі NEET және ауыл жастары үшін жүйелі әрі тұрақты қолдау көрсететін сенімді алаңға айналған. Оның негізгі мақсаты – жұмыссыз, оқымайтын және кәсіби бағдарын айқындай алмаған жастарды қоғам өміріне қайта тарту, олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік беру болған.

Орталық қызметі барысында NEET-жастарды телефон арқылы хабардар етуге, бос жұмыс орындары, мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар туралы жан-жақты ақпарат беруге басымдық жасалған. Сонымен қатар кәсіби бағдар беру, кәсіби және soft skills дағдыларын дамыту, жастарды өңірдің қоғамдық-экономикалық өміріне белсенді араластыру бағытында нақты жұмыстар атқарылды.

Жобаны іске асыру кезеңінде қойылған міндеттер толық орындалған. Атап айтқанда, NEET-жастар тізімі бойынша 12 146 телефон қоңырауы жасалып, оның нәтижесінде 862 жас жұмысқа орналасуға немесе оқуға қызығушылық танытып, бос жұмыс орындары бойынша жеке кеңес алған.

Маусым мен қараша айлары аралығында өңір кәсіпорындары мен ұйымдарынан ұсынылған 1 894 бос жұмыс орнын қамтыған өзекті вакансиялар базасы қалыптастырылған. Жұмыс берушілермен, мемлекеттік бағдарламалармен және мансаптық платформалармен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде 3 мыңға жуық жас түрлі ресурстар арқылы жұмысқа орналасқан.

Орталық мамандары ақпараттық-түсіндіру және көшпелі жұмыстарға да белсенді атсалысты. Есептік кезеңде олар облыстың 9 ауданы мен Талдықорған қаласында өткен 100-ден астам іс-шараға қатысып, мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар туралы мәліметтер қамтылған 2 600-ден астам буклет таратқан.

Жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өңір кәсіпорындары мен ұйымдарымен 100 үшжақты ынтымақтастық меморандумы жасалып, бұдан бөлек, NEET-жастарды еңбек нарығына бейімдеу үшін 102 жеке сүйемелдеу кейсі әзірленген.

Жоба аясында қосымша бағыттарға да айрықша көңіл бөлінді. 2025 жылдың қараша айында Жетісу облысының IT HUB орталығымен бірлесіп мобилография бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып, оны 33 жас сәтті аяқтаған. Сондай-ақ жастардың өз бетінше табыс табу дағдыларын дамытуға бағытталған 13 мастер-класс өткізілген. Бұл шаралар кулинария, қолөнер, ағаш пен гипстен кәдесый жасау, анимациялық костюмдер дайындау секілді бағыттарды қамтыды.

Жүйелі жұмыстың нәтижесі де айқын. «Jetisy jastary» мемлекеттік мекемесімен бірлескен іс-шаралардың арқасында 2025 жылдың үшінші тоқсанында өңірдегі жұмыссыз жастар саны 7,5 пайызға дейін төмендеп, олардың саны 7 219 адамнан 3 939 адамға дейін қысқарған. Бұл қабылданған шаралардың тиімділігі жоғары болғанын көрсетеді.

Қорыта айтқанда, жасөспірімдерге жол көрсетіп, болар баланың бетін қақпай, керісінше белін буған бұл жоба өңірдегі жастар мәселесін шешуге нақты үлес қосып, жастар саясатын одан әрі дамытуға берік негіз қалады. Бұл бастама – болашағын таба алмай жүрген, Абай атамыз айтқандай «кірпіш дүниенің кетігін тауып, қалана алмай» жүрген жастарға бағыт-бағдар беріп, олардың қоғамдағы орнын айқындауға жол ашқан маңызды қадам.

«Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанат Төлемісова:
– NEET және ауыл жастары – қоғамның үлкен әлеуеті. Бұл жоба арқылы біз жастарды тек жұмысқа орналастырумен ғана шектелмей, олардың өз күшіне сенуіне, болашағын жоспарлауына мүмкіндік бердік. Әрбір жаспен жеке жұмыс істеу, бағыт-бағдар беру – орталық қызметінің басты ұстанымы болды. Жүйелі қолдау мен серіктестермен тығыз ынтымақтастықтың арқасында нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Алдағы уақытта да жастардың өмірден өз орнын табуына ықпал ететін бастамаларды жалғастыра береміз, – дейді.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Халықтың әл-ауқаты басты назарда: 2026 жылы табыс қалай өзгереді?

Халықтың әл-ауқаты басты назарда: 2026 жылы табыс қалай өзгереді?

09.04.2026
Кенеден сақтаныңыз!

Кенеден сақтаныңыз!

08.04.2026
Қоғам тірегі – ардагерлер

Қоғам тірегі – ардагерлер

08.04.2026
Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

08.04.2026
Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.