Талдықорған: +28°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы қоғамдағы ең түйткілді сұрақтарға жауап берді

10.01.2026
КҮНДЕРЕК
Мемлекет басшысы қоғамдағы ең түйткілді сұрақтарға жауап берді

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Ежелгі грек мифологиясында Элида елінің патшасы Авгий деген болған. Бір өзі әкесінен қалған есепсіз көп жылқы ұстаған екен. Әке малының қадірін бала түсіне беруші ме еді?! Авгий өзінің сәйгүліктері тұрған атқорасын отыз жыл тазаламаған. Қора-қопсының ластанғаны сонша, гректің бас батыры Гераклдың араласуына тура келіпті…

Президенттің «Turkistan» газетіне берген сұхбатын оқығаннан кейін өз ойымды ортаға салмақпын. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда сіз бен біз күнде көтеріп жүрген сұрақтарды жіті білетінін және түсінетінін аңғартады. Қойылған сұрақтарға тереңдемей, нақты жауап беруге тырысқан. Біріншіден, халықтың қалтасына коммуналдық төлемдердің бата бастағаны рас. Ал оған не себеп? Басты түрткі – энергетикалық және коммуналдық нысандарды жаппай жаңғырту жұмыстарының қолға алынуы. Президент бұл тұста дәл осы біздің Үкіметтің осы уақытқа дейін «Авгийдің атқорасын» тазалауға асықпағанын мысалға келтіреді. Оның орнына «ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу» сияқты «керемет» бағдарламалар әзірлеп, оның «табысты» орындалғаны туралы баяндау әлдеқайда жеңіл болатын. «Шындықты жасырып, бір сәттік алдамшы жетістіктерге ұмтылу ақырында мемлекетіміз үшін тым қымбатқа түсті», – деп ашығын айтады. Коммуналдық тарифтерді төмен ұстағанның кесірінен оның қызығын олигархтардың көріп келе жатқаны рас. Себебі мемлекеттен миллиардтап субсидия алады. Ал инфрақұрылымға көк тиын шығармайды. Бұл мәселеге мемлекет араласқалы бері «қызыл» аймақта тұрған жылу электр стансыларының саны 19-дан 10-ға дейін азайыпты.

Биыл экономикамыздың 6 пайыздан асқанын білесіздер. Рас, ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллардың межесіне жетіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан асты. Бұл аймақтағы үлкен рекордтық көрсеткіш. Егер өсім дәл осылай болса, неге халықтың жағдайы жақсарып кетпейді, неге ол қарапайым қазақтың дастарқанынан сезілмейді деген саналы сауал туындайды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында бұл мәселеге қатысты елдегі ин-фляция деңгейінің жоғары екенін айтты. Салдарынан азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған еңбектің бәрі текке кетіп жатыр деді. Мемлекет басшысы алдағы жылы Үкімет пен әкімдерге халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін орасан зор жұмыс күтіп тұрғанын ескертті.

Президент Үкіметке ашық әрі ұғынықты Салық кодексін әзірлеуді тапсырған еді. Үкімет жұмысқа қарбалас кірісіп, заң жобасын әзірледі. Ашығын айту керек, Салық кодексі ел ішінде қызу талқы тудырғанын білесіздер. Бір ғана мысал, осы кодекс жобасын қарау кезінде 5 000-ға жуық ұсыныс пен өтініш келіп түскен екен. Тіпті 2024 жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексін әзірлеу барысына көңілі толмайтынын айтқан. Кейіннен Үкімет қосымша құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді ұсынғанда, Мемлекет басшысы оны 4 пайызға төмендетуді тапсырды. Сонымен көп талқыланған заң мақұлданып, күшіне енді. Бірақ бұл мәселеге Президент әлі де мұқият қарап отыр. Себебі өзі берген сұхбатында министрлер кабинетінің бұл тапсырманы қаншалықты табысты орындап шыққанын биыл көреміз деп түсіндірді.

Енді сандар сөйлесін. Былтыр экономикамыздағы басымдық берілген салаларды дамыту үшін жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын құжаттарға қол қойылды.

Заңсыз активтерді қайтарғанның арқасында елімізде жалпы құны 482 миллиард теңге тұратын 434 әлеуметтік және коммуналдық нысан салынып жатыр. Оның ішінде 227 сумен қамтамасыз ету, 183 денсаулық сақтау, 11 білім беру, 5 спорт, 8 ин-фрақұрылым нысанының құрылысы бар. Сондай-ақ, Павлодар, Арқалық, Балқаш қалаларындағы әуежайлар жаңғыртылуда. Заңсыз активтерді қайтару комитеті жұмысын тоқтатқанымен, құзырлы органдар бұл істі әрі қарай жалғастыра беретіні белгілі болды. Сұхбатта Президенттің аузынан активтері күмән тудырып, күдікке ілінген адамдар сомасы бес триллион теңгеден астам қаражат көлемінде елге инвестиция құятынын білдік. Бұған арнайы келісімдер жасалыпты. 2025 жылы 254,5 мың оқушыға арналған 194 мектеп пайдалануға берілді. Ауылдарға барсаңыздар, сол мектептер өңірлердің көркін ашып тұр. Соңғы жылдардағы инфрақұрылым қарқыны үшауысымды мектептер санын 4 есе, апатты мектептерді 2,5 есе, орын тапшылығын 4 есе қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл енді бір үлкен қаланы бастан-аяқ тұрғызғанмен бірдей жұмыс. Қала демекші, алдағы жылдары еліміздің жасанды интеллект дәуіріндегі жарыста шаң қауып қалмауымыз үшін Алматыда «Alatau City» қаласының құрылысы басталды. Біздің бұл салада алар асуымыз аз емес. IT-ді азық қылған қара домалақтарымыз көбейіп келеді. Бір ғана AI-Sana бағдарламасы аясында 650 мыңнан астам студентіміз білім алды. Робототехника құрастырудан қазақ жастары 4 рет әлем чемпионы болғанын да ұмытпауымыз керек.

Сонымен, биылғы жыл ел үшін саяси өзгерістерге толы жыл болмақ. Алда референдум. Президент атап өткендей, осы референдумда жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасауымыз мүмкін. Президент сұхбатында «Тоқаев референдумды Парламент төрағасы лауазымын мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең басты лауазымға айналдыру үшін ғана өткізбек» деген алыпқашпа әңгіменің нүктесін қойды. Мемлекет басшысы Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет болып қала беретінін тағы бір рет айтты. Тіпті жекебастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті адамгершілікке жатпайтын әрекет екенін ескертті.

Ең бастысы, Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі реформалар үшін Мемлекет басшысы ретінде жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты. Меніңше елдің жүгін бір ғана адам көтермеуі керек. Ел болып дәл қазіргі аласапыран, алмағайып заманда игі бастамаларды қолдауымыз тиіс.

Ерқанат Көпжасарұлы,
журналист

Қатысты жаңалықтар

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.