Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құтқарушы болу – қырағылықты талап етеді

20 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Құтқарушы болу – қырағылықты талап етеді
WhatsAppTelegramFacebook

Құтқарушы кез келген қиындықтарға төтеп беріп, халықтың өмірі мен мал-мүлкін қорғау жолында еңбек ететін ерекше мамандық иесі. Осыған байланысты Талдықорған қаласындағы біраз оқушылар мен студенттер аймақтағы  Төтенше жағдайлар департаментіне барып, апаттық жағдай орын алған кезде қалай әрекет етудің қыр сырын үйренді.

Құтқарушылармен өткен бір күнінде жастар Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметімен танысты. Әрі «Құтқарушының кезекші ауысымынан бір күн» және «Ашық есік күні» сынды акциялары аясында өрт сөндірушілердің жұмысына саяхат жасап, өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгерді. Аталмыш іс-шараға қатысушылар «құтқарушы болу нені білдіреді әрі қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керек? Өрт немесе басқа да апаттық жағдай кезінде не істеу қажет?» сынды сауалдарға теориялық  тұрғыда емес, нақты тәжірибе жүзінде жауап алды.

Сала мамандарының сөзінше, құрғақ теорияның орнына интерактивті тәжірибенің мәні зор. Мұнда қатысушылар әртүрлі құралдарды пайдаланып, алғашқы өрт сөндіруді көзбен көріп, эвакуация кезінде қалай әрекет ету керектігін үйренді. Осы орайда олар  гидравликалық қайшылар, өрт сөндіру жеңдері, құтқару құрылғылары мен іздеу-құтқару операцияларында қолданылатын дрондардың жұмысын көзбен көрді. Негізі құтқарушы болу – қырағалықты, батылдықты, табандылықты және жоғары кәсіби дайындықты талап етеді.

Шара барысында департамент өкілдері оқушыларға тек тәжірибелік сабақтар өткізіп қана қоймай, М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Көптеген қатысушылар осы шарадан соң өздерінің құтқарушылыққа қызығушылық танытып, болашақ мамандықтары туралы ойлана бастағанын жеткізді.

 – Мұндай іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жастардың құтқарушылардың еңбегін терең түсінуіне жол ашады. Бәлкім, бүгінгі шараға қатысқандардың бірі болашақта осы салада, өзгенің өмірін сақтау жолында еңбек ететін азамат болатын шығар. Ол – алдағы уақыттың еншісіндегі іс. Сондықтан да  оқушыларды жастайынан әр мамандықпен жан-жақты таныстырып, шеберлікке баулу бәрінен маңызды,– дейді ұйымдастырушылар.

                                                                                Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.