Талдықорған: +27°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазіргі балалар неге «бай болғысы» келеді?

12.01.2026
КҮНДЕРЕК
Қазіргі балалар неге «бай болғысы» келеді?

chatgpt.com

WhatsAppTelegramFacebook

Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін халықтың қатарында біздің қазақтың оқ бойы озық тұратындығы дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Оған бабаларымыздың: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас», – деген мықты қағидасы арқау бола алады. Сол бойынша тәрбиеленген бала мектептің «озат» оқушысы секілді өмірде де «үздік» болатыны анық.

БІРІНШІ ШЫҒАРМА: «Ұшқыш болғым келеді»

Өмірге ұрпақ алып келу, оған саналы тәрбие беру дегеніңіз үлкен білімді, тәжірибені қажет етеді. Оған ең алдымен тікелей ата-ана жауапты. Сол себепті де перзенті өмірдің ағы мен қарасын танығанша, оңы мен солын ажыратуды үйренгенше әке-шеше бір минут та дамыл таппайды. Аталған жауапкершілікті сезіне алмайтындар да біздің ортада көптеп кездеседі. Бірақ бұл бөлек әңгіме. Бала тәрбиесі қоғамдағы менмұндалап тұратын тақырыптардың бірі болғандықтан, ол туралы жазып та, айтып та шаршаған емес. Мұны айту, оқырманға жеткізу – біздің парыз. Осыдан қорытынды шығаруды әркімнің еншісіне тапсырамыз. Ал енді әңгімеміздің негізгі бөліміне келсек. Барлығымыз мектеп қабырғасынан білім алдық. Ұлдар галстугын, қыздар ақ бантигін тағып, сапқа тұрып мектепке барғанымыз, қанатымыз қатайған соң білім ордасынан түлеп ұшқан сәтіміздің барлығы дерлік көз алдымызда. Оқушылық сәт ешқашанда адам миындағы «флешкасынан» өшпейді. Тіпті, бастауыш сыныпта қандай шығарма жазғанымыз да есімізден кете қоймаған шығар. Оның тақырыбы да ерекше болатын. «Кім болам?», «Шығарма жазуды бастаймыз», – деген ұстаздың пәрменінен соң, жанталаса дәптерді шимайлауға кірісетінбіз. Басым көпшілігі «ұстаз, дәрігер, ұшқыш, құрылысшы, полиция қызметкері боламын» деп әңгіме өзегін өрбітетін. Арасына мектептегі сүйікті ұстаздарына еліктейтіндерін де жеткізуді ұмытпайтын. Полиция қызметкерінің формамен жүргеніне қызығатын ұлдар бірден көз алдына солардың жұмысын елестете отырып, ел ішінде тәртіп орнатуды көздегендіктен сол мамандыққа бар ынтасы артатындығы жайында ақ қағазға түсіретін. Міне, аға буынға қарап бой түзеу, солардың қызметіне қарап ертеңгі өмірін қалыптастыру дегеніңіз осылай басталатын. Бұл осыдан шамамен он жыл бұрын жазылған шығармалар желісі. Бұған көпшілігіңіз қосыласыздар деп те ойлаймыз.

Бүгінгінің оқушылары дәл осындай шығарма жазады. Дәстүр өзгермеген. Бірақ, олардың айтар ойы өзгерген. Бұрынғымен мүлдем салыстыруға болмайды. «Бұл қазіргі заман талабы», – деп айтуымыз мүмкін. Егер көпшілігіміз нақ осылай ойлайтын болсақ, біз үшін бұл үлкен трагедия. Ал енді қазіргі өрендердің ойымен жазылған дүниелерді сараптап көрейік.

ЕКІНШІ ШЫҒАРМА: «Банкир болғым келеді»

Бастауыш сынып оқушыларына білім беретін әпкем үйге бірнеше шығарманы тексеруге алып келген-ді. Журналистік әуеспен мен де оқуға кірістім. Басында шығармаларды оқып отырып күлгенім де рас. Бірақ, арғы жағына тереңірек үңілсеңіз, күлмек түгілі жылайсыз. «Сананы тұрмыс расымен де билеп бара ма?» – деген қорқыныш жүрек тұсыңыздан басын қылқита кеткенде, қатты шошисыз. Олай ойлауыма жеткіншектердің шығармалары себеп те болып үлгерді. Енді мына мысалға көз жүгіртсек. Бір оқушы шығарма желісін былай өрбітіпті: «Мен өскенде депутат болғым келеді. Бірақ мен өтірік айтпаймын. Уәдемде тұрамын. Ата-анам «өтірік айтпа» деп үйреткен. Көп ақша тауып, үш қабатты үй салып, «Гелендваген» деген машина сатып аламын. Үйдің бірінші қабаты асхана болады. Екіншісінде мамам мен папам, ең үстінде мен тұрамын. Көп ақша тапқан соң Дубайға, Америкаға ұшақпен ұшамын. Жылқы сатып аламын да үлкен «ферма» ашамын. Оларды бәйгеге қатыстырамын. Егер бірінші орын алса жарыс өткізушілер маған машина, ақша береді. Мен әлемдегі ең бай адамдардың қатарына қосыламын. Мен бақытты болғым келеді». Шығарма аяқталғанша асыққаным-ай. Біраз ойға баттым. Әр сөйлемін оқып отырғанда ішкі әлемім бір суып, бір ысып ауыр күй кештім. Біз 4-сынып оқығанда дәл осындай ой біздің санамыздан орын алмаған шығар сірә!? Басында балалық көңілмен жазған шығар деген ойымнан өзім айни бастадым. Мұнда ешқандай да балалықтың ізі байқалмайтын секілді. Әңгімеге арқау болған тек қана ақша. Әпкемнің сыныбында жиырма екі оқушы бар екен, соның 70 пайызының ойы «банкир, бизнесмен, басшы, директор болу, былғары креслоға шіреніп отырып, бума-бума ақша ұстауға» келіп тіреледі. «Баланың санасы уланған», – деген тіркесті осы арада қолдансақ орынды болар деп ойлаймын. Осыншама дүниеқоңыз болуға балғындарды не итермеледі? Жас өркеннің тамырын улауға не себеп болды? Бұл дерттің алдын қалай алуға болады деген сансыз сұрақ жаныңды сыздауықша солқылдатады да тұрады. Бірақ қойылған сауалдың ешқайсысына да мардымды жауап таба алмай, шақшадай басымыз шарадай болатыны шындық. Одан оңай құтылудың жолын іздеп, барлық жаланы «интернет» деген «киллерге» жаба саламыз. Одан қалса, оқушы тұрмақ ата-ананың мансапқа, билікке тынбай ұмтылуы да баланың көз алдында болып жатқан оқиға емес пе? Міне, дүниеқоңыздықтың құрбандарын біз осылайша тәрбиелеп келеміз. Өкінішке қарай, өзіміз де оны байқамаймыз.

«Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек», «Тәрбие тал бесіктен», – деген қағидаларға сүйенсек, біз тіпті көштен қалып қалғандаймыз. Осындай белең алған олқылықтың орнын толтыру СІЗ бен БІЗДІҢ қолымызда екендігін жадымызға сақтап алсақ, одан ұтылмасымыз анық. Сонда бүгінгі күннің баласы кім болады?… 

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.