Әлемге танымал «Барселона», «Ювентус» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич тоқтап қалған спорттық мансабын қайта жалғастырмақ. Белгілі болғандай Пьянич еліміздің танымал клубы «Ақтөбеге» ауысуға жақын.
Босниялық 35 жастағы футболшы жақын арада қазақстандық клубпен келісімшартқа қол қояды. Бұл жөнінде журналист Иван Карпов айтып, «Ақтөбеге» келуге келіскен Нанимен бірге Қазақстан Премьер-лигасының тарихындағы ең жоғарғы жалақыны алады.
Миралем Пьянич «Ювентус» (Италия), «Барселонадан» (Испания) бөлек «Мец» (Франция), «Лион» (Франция), «Рома» (Италия), «Бешикташ» (Түркия), «Әл-Шаржа» (БАӘ) және «ЦСКА» (Ресей) клубтарында ойнаған. Былтырғы маусымда спорттық мансабын аяқтап, агент есебінде жұмысқа кіріскен. Әйгілі transfermarkt сайты «ЦСКА» сапында жүргенде (2025 жыл) Пьяничті 2 миллион еуроға бағалаған еді. Кейінгі клубында (Ресей чемпионаты, «ЦСКА», 2025 жыл) 16 ойынға қатысып, тек 2 пас берген болатын.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ».





