Талдықорған: +13°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Енді жүк тасымалына навигациялық таңбалар (пломба) міндетті болады

20.01.2026
КҮЛТӨБЕ
Енді жүк тасымалына навигациялық таңбалар (пломба) міндетті болады

© Sputnik

WhatsAppTelegramFacebook

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі интеграциялық процестердің жаңа кезеңі ретінде жүк тасымалын цифрлық қадағалау жүйесі іске қосылмақ. 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап Одаққа мүше екі немесе одан да көп мемлекеттің аумағы арқылы өтетін тауарларға навигациялық таңбаларды қолдану міндетті болады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Мемлекеттік кірістер комитеті аталмыш қадам транзиттік дәліздердің қауіпсіздігін арттырып, тауар айналымын заңдастыруға бағытталғаннын айтады.

Бұл бастаманың тарихы 2021 жылғы 19 сәуірден бастау алады. Ол кезде ЕАЭО мүше мемлекеттерінің басшылары тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық таңбаларды қолдану туралы келісімге қол қойған болатын. Аталған құжат Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211-VII ЗРК Заңымен ресми түрде ратификацияланды. Келісімнің басты мақсаты – Одақ аумағындағы тауарлардың қозғалысын басынан аяғына дейін қадағалаудың бірыңғай тетігін регламенттеу.

Келісім нормаларын іске асыру шеңберінде Қазақстанның ұлттық заңнамасына кешенді өзгерістер енгізілді. Бақылаушы органдардың ақпараттық жүйелері заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, автомобиль және теміржол көлігінде пилоттық жобалар жүргізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 731 «Ұлттық операторды айқындау туралы» қаулысына сәйкес, бұл салаға жауапты ұйым ретінде «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС белгіленді.

Ұлттық оператор және «Транзит» жүйесі

Ұлттық оператор тасымалдарды электрондық түрде қадағалаудың «Транзит» атты автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірледі. Бұл жүйе – халықаралық тасымалдарды цифрландырудың озық үлгісі. Тұтынушылар (тапсырыс берушілер) үшін арнайы «жеке кабинет» қарастырылған. Оның көмегімен тасымалдаушылар бүкіл маршрут бойындағы (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) ұлттық операторлардың қызметіне бірыңғай төлем жасай алады. Қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдары мен Одаққа мүше өзге елдердің уәкілетті операторлары арасындағы интеграциялық іс-шаралар толық аяқталып, техникалық дайындық пысықталды.

Навигациялық таңбаларды қолданудың үш кезеңі

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 84 шешіміне сәйкес, жаңа бақылау жүйесі мынадай кезеңдермен енгізіледі:

1-кезең (2026 жылғы 11 ақпаннан бастап):

  • Транзиттік тауарлар: Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын «санкциялық» тауарлар, алкоголь және темекі өнімдері. Сондай-ақ, автомобиль көлігімен тасымалданатын киім, аяқ киім және электроника.

  • Экспорт және өзара сауда: Одақ елдері арасындағы санкциялық жүктер, алкоголь мен темекі өнімдері.

2-кезең (алғашқы кезеңнен 180 күн өткеннен кейін):

  • Бұл кезеңде транзиттік тауарлар тізіміне кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалданатын өзге де тауарлар (кейбір алып қоюларды қоспағанда) қосылады. Ал экспорттық тауарлар бойынша бақылау 1-кезеңдегідей деңгейде қалады.

3-кезең (алғашқы кезеңнен 480 күн өткеннен кейін):

  • Жүйе толық қуатында жұмыс істей бастайды. Транзиттік тауарлардың барлық түрі (автомобиль және теміржол) навигациялық таңбалармен қамтылады. Бұл – Одақ шекараларының толық цифрлық бақылауға өтуі деген сөз.

Бизнес пен мемлекет үшін тиімділік

Навигациялық таңбаларды енгізудің нарық қатысушылары үшін артықшылықтары өте көп. Біріншіден, бұл кедендік және өзге де бақылаушы қызметтер тарапынан жүргізілетін артық тексерулер мен қосымша бақылау шараларын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Екіншіден, таңба жүктің бүкіл қозғалыс бағыты бойында рұқсатсыз ашылуынан қорғалуына кепілдік береді, бұл жүк иесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Үшіншіден, «жеке кабинет» арқылы процесті қашықтан басқару және бірыңғай төлем жасау мүмкіндігі уақытты үнемдейді.

Мемлекет үшін бұл – «көлеңкелі» экономикамен күрестің, «жалған транзит» пен «жалған экспорт» схемаларын болдырмаудың тиімді құралы. Бұл адал бәсекелестікті дамытып, ел бюджетіне салық түсімдерінің тұрақты түсуіне септігін тигізеді. Бизнес өкілдері, экспедиторлар мен тасымалдаушылар логистикалық процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Ұлттық оператордың байланыс деректері:

  • Call-центр: +7 708 297 6132; +7 777 110 5985; +7(727)3903488 (ішкі 331).

  • Электрондық пошта: Info@istt.kz; transit@istt.kz.

  • Жауапты мамандар: Ғарышбек Ещанов (+7 708 945 6732), Диляра Кальтиева (+7 775 285 54 77).

Анықтама: Санкциялық тауарлар – бұл Одаққа мүше мемлекеттердің бірі арнайы экономикалық шаралар енгізген тауарлар. Қазіргі уақытта мұндай шаралар тек Ресей Федерациясында (РФ Үкіметінің 07.08.2014 ж. №778 қаулысы) қолданылады.

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.