Бүгін Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойын ортаға салады.
-
2022 жыл – Ұлытау: Құрылтайдың негізі қаланып, жаңа саяси реформаларға бағыт берілді.
-
2023 жыл – Түркістан: Рухани жаңғыру мен ұлттық бірегейлік мәселелері талқыланды.
-
2024 жыл – Атырау: Экономикалық даму мен экологиялық сауаттылыққа басымдық берілді.
-
2025 жыл – Бурабай: Цифрлық даму мен инновациялық болашақ жоспарланды.
-
2026 жыл – Қызылорда: Сапалық тұрғыдан жаңа саяси тұрпат пен заң шығару билігін жаңғырту басты назарда.
Қызылордадағы отырыстың маңызы өте жоғары. Себебі, бұған дейінгі жұмыс топтарының отырысында Президент атап өткендей, елімізде жаңа саяси модель қалыптасып жатыр. Құрылтай мүшелері Парламенттік реформа, Ата заңға енгізілуі мүмкін өзгерістер және халықтың әл-ауқатын арттыру жолдарын талқылайды. Бұл жиын «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы нақты қадамдардың жиынтығы болмақ.
Ұлттық құрылтай – тек мәселені айтып қана қоймай, оны шешудің жолдарын ұсынатын бірегей орган. Оның құрамында зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен сарапшылардың болуы шешімдердің жан-жақты зерделенуіне мүмкіндік береді. Сыр өңіріндегі бұл жиын ел бірлігін нығайтып, жаңа белестерге жол ашатынына сеніміміз мол.





