Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Инсульт пен гепатитті анықтаудың жаңа тәсілдері енгізілді

23 қаңтар 2026
ДЕНСАУЛЫҚ
Инсульт пен гепатитті анықтаудың жаңа тәсілдері енгізілді

fnkc-fmba.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Енді қазақстандықтар үшін медициналық тексерістен өту бұрынғыдан да қолжетімді әрі жүйелі болмақ. Жаңғырту жұмыстары аясында медициналық тексерулердің сапасы мен мазмұны айтарлықтай өзгерді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы емдеуге жатқызу алдындағы консультациялық-диагностикалық қызметтерді оңтайландырып, скринингтік бағдарламаларды жаңғыртудан өткізді. Бұл өзгерістер ауруды ерте сатысында анықтап, емдеу тиімділігін арттыруға бағытталған. Скрининг тізіміне липопротеиндер (ЛПТТ), триглицеридтер және гликирленген гемоглобин сияқты маңызды талдаулар енгізілді. Бұл қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, скринингке қатысушылардың жоғарғы жас шегі 76 жасқа дейін ұзартылды, бұл егде жастағы азаматтардың денсаулығын бақылауда ұстауға септігін тигізеді.

Бюрократияны азайту мақсатында, егер зерттеу нәтижелерінде ешқандай өзгеріс болмаса, скринингті мейіргер деңгейінде аяқтауға рұқсат берілді. Бұл бейінді мамандардың кезегін азайтып, уақытты үнемдейді. Ерекше атап өтетін жайт, МӘМС шеңберінде 50 жастан асқан ерлер үшін екі жылда бір рет брахиоцефалдық тамырлардың ультрадыбыстық скринингі енгізілді. Бұл зерттеу ми қанайналымының ерте бұзылуын, яғни инсульттің алдын алуда шешуші рөл атқарады.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап онкоскринингтің барлық кезеңдері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында қолжетімді болды. Бағдарлама созылмалы вирустық В және С гепатиттерін анықтау бойынша зерттеулермен кеңейтілді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы оңалту және паллиативтік көмек бағыттарын қайта қарау жоспарланған. Дертке шалдыққан азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және емнен кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын жүйелеуге мүмкіндік береді.

Бұл реформалар тек ауруды емдеуге ғана емес, оның алдын алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Уақытылы өткен скрининг – ұзақ әрі сауалды ғұмырдың кепілі.

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.