Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісуда инфрақұрылым дамуда, туристер легі көбейді, қызмет көрсету көлемі артты

27 қаңтар 2026
ӘЛЕУМЕТ, ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Жетісуда инфрақұрылым дамуда, туристер легі көбейді, қызмет көрсету көлемі артты

Zhenis Iskabay

WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдарда Жетісу облысында туризмді дамытуға бөлінген қаржы өңірдің даму бюджетінің шамамен 30%-ын құрады. Соның нәтижесінде аймақтағы туристік саласы тұрақты өсім көрсетуде. Мәселен, 2025 жылғы мониторинг бойынша өңірге келген туристер саны 11%-ға, оның ішінде шетелдік туристер саны 60%-ға, ал көрсетілген қызметтер көлемі 17%-ға өсіп, нөмірлік қор 23 мың төсек орынға жетті.  Осы жөнінде және туризмді дамытуға бағытталған басқа да шаралар туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен селектор режимінде  өткен Үкімет отырысында айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының айтуынша, Жетісу облысының туристік дамуы 5 басым бағыттағы дестинацияларға негізделген. Олар – Алакөл мен Балқаш көлдері, «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауы тау жотасы.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста дербес Туризм басқармасы құрылды, 5 ауданда туризм бөлімдері ашылды. Алакөл мен Балқаш көлдерінің жағалауы аумақтарын тұрақты күтіп ұстау мақсатында «Алакөл Тазалық» және «Балқаш Тазалық» коммуналдық кәсіпорындары құрылды. Кәсіпорындарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 41 арнайы техника сатып алынды. Сондай-ақ суда жүзу құралдарының қозғалысын бақылауды күшейту және демалушылардың қауіпсіздігін үшін облыста Жалпы су пайдаланудың қағидалары бекітілді, — деп атап өтті Б.Исабаев.

Өз сөзінде облыс әкімі Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауында инфрақұрылымды дамыту шараларына да назар аударды. Сол сияқты экологиялық туризмді дамыту мәселесіне де тоқталды. Сөзінің қорытындысында Бейбіт Исабаев облыста туризмді дамыту және туристерге жағдай жасау жұмыстары тұрақты бақылауда екенін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін: ІІМ ескерту жасады

Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін: ІІМ ескерту жасады

Бүгін, 10:38
Қазақстан мен Мальдив арасындағы рейс саны екі есе өседі

Қазақстан мен Мальдив арасындағы рейс саны екі есе өседі

Бүгін, 10:34
Қазақстанда алтын бағасы ең төменгі деңгейге түсті

Қазақстанда алтын бағасы ең төменгі деңгейге түсті

Бүгін, 10:31
Қазақстан СІМ басшысы Брюссельде сегіз елдің министрімен келіссөз жүргізді

Қазақстан СІМ басшысы Брюссельде сегіз елдің министрімен келіссөз жүргізді

Бүгін, 10:30
Жетісу облысында 414 млрд теңгеден астам өнім өндірілді

Жетісу облысында 414 млрд теңгеден астам өнім өндірілді

Бүгін, 10:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.