Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29 қаңтар 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

kazface.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Конституциялық реформа аясында Ата заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлім етті.

«Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, «республикалық референдум» деп жазылғанын білесіздер. Дегенмен, референдумдар ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі тиіс. Сондықтан референдумның атауында басқару нысаны емес, халықтың бірлігі, референдум өткізудің негізгі талабы атап өтілуі керек. Осыған байланысты оның атауын «республикалық референдумнан» «Жалпы халықтық (ұлттық ) референдумға» өзгерту ұсынылады», – деді ол.

Сондай-ақ, Мұрат Әбенов Конституцияда «Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын» бекіту туралы өзгеріс діни құндылықтармен байланысты деген қоғамдағы алаңдаушылыққа қатысты да түсінік берді. Оның пікірінше, Комиссия мүшелері бұл жаңадан ұсынылып отырған ұғымды бұрыннан бар Қазақстан зайырлы мемлекет, «дін мен мемлекеттен бөлек» деген Конституциялық қағиданың негізінде қарастыруы керек.

«Әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік беріледі. Ұсынылып отырған «Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары» термині көпшілік қолдайтын, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы. Бұл термин жалпы қабылданған және осы мағынада кеңінен қолданылады», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, Конституциялық реформа аясында ғылыми, көркемдік, техникалық және өзге де шығармашылық қызметтің еркіндігі мемлекет тарапынан тікелей кепілдендірілетіні айқын жазылды. Ол Конституция преамбуласында және қосымша екі бапта арнайы қаралған.

«Зияткерлік меншік ұғымын, авторлық құқық, патенттер, ғылыми жаңалықтар мен техникалық шешімдер құқығын қорғауды мемлекет Конституция деңгейінде өз мойынына алады. Мемлекет шығармашылық және ғылыми қызметке жағдай жасауға міндетті деген қағидатты бекіту маңызды», – деді М. Әбенов.

Қатысты жаңалықтар

Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05
Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Бүгін, 12:00
Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Бүгін, 11:30
«Заң мен тәртіп»: Көшеде ішімдік ішетіндерді камера арқылы анықтауда

«Заң мен тәртіп»: Көшеде ішімдік ішетіндерді камера арқылы анықтауда

Бүгін, 11:05
Елімізде әлеуметтік желіге талап күшейеді

Елімізде әлеуметтік желіге талап күшейеді

Бүгін, 10:54

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.