Облыс орталығында тұрғын үй құрылысын белсенді дамыту жалғасуда. Негізгі назар жаңа тұрғын алабы қалыптасатын оңтүстік-батыс бөлігіне аударылды.
Айта кетейік, Талдықорғандағы 11-12 шағынаудандарда 22 көпқабатты үй салу жоспарланған, бұл ірі құрылыс жобаларының біріне айналады. Қала әкімдігінің мәліметінше, оңтүстік-батыс тұрғын ауданы құрылыстың басым бағыты ретінде айқындалған. Мұнда қажетті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы қалалық орта құрылады. Жоба түрлі қабатты 2 көппәтерлі үй салуды көздейді.
Тағы 18 көпқабатты үйдің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Қаратал өзенінің оң жағалауында магистральдық инженерлік желілер салу үшін жобалық құжаттама әзірленуде. Бұл нысандар қала аумағын одан әрі кешенді дамытуға және жаңа тұрғын үй орамдарын қосуға негіз болады.
Қажетті бюджет қаражаты бөлінгеннен кейін жобаларды іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қаладағы құрылыс жұмыстарының көлемі 54 млрд. теңгені құраған, бұл арғы жылғы көрсеткіштен 14,3%-ға жоғары. Аталған жоспарларды іске асыру облыс орталығының тұрғын үй қорын едәуір ұлғайтуға және тұрғындарды экологиялық қолайлы аудандарда жаңа да жайлы пәтерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ





